Лебяжі ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау жөнінде Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 3/33 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 шілдеде № 3896 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 қарашадағы № 97/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 13.11.2017 № 97/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Лебяжі аудандық мәслихаты ШЕШIМ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Лебяжі ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережесі бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Тлеуғабыл
      Аудандық мәслихат хатшысы Қ. Әлтаев

  Лебяжі аудандық мәслихатының
(V сайланған XXXIII сессиясы)
2014 жылғы 30 маусымдағы
№ 3/33 шешімімен
Бекітілген

Лебяжі ауданының Құрмет грамотасымен
марапаттау туралы Ереже

1. Жалпы Ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленген және ауданның Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсыну және оны тапсыру тәртібін анықтайды.

      2. Лебяжі ауданының Құрмет грамотасымен экономиканың, әлеуметтік саланың, ғылым, мәдениет, білім берудің дамуына, ұлтаралық келісім мен өзара түсінушіліктің, әскери және қоғамдық, сондай-ақ өзге де мемлекеттік қызметтің және аймақтағы қоғамдық қызметтің нығаюына қосқан жеке үлесі және айтарлықтай жетістіктерге жеткені үшін азаматтар марапатталады.

      3. Лебяжі ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау үшін ұсынымдар еңбек, шығармашылық ұжымдармен, аудандық өкілді және атқарушы органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, демократияның, достық пен қоғамдық ынтымақтастықтың нығаюына, Лебяжі ауданының аумағында әлеуметтік және экономикалық саясаттың қалыптасуы мен іске асырылуына қомақты үлесін қосқаны үшін енгізіледі.

      4. Белгіленген үлгідегі наградтау парағында марапатталушының жеке басын, саладағы және берілген ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілін, оның нақты сіңірген еңбектерін сипаттайтын мәліметтер, жұмысының сапасы мен тиімділігі туралы деректер мазмұндалады.

      Наградтау парағына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды және елтаңбалы мөрмен бекітеді.

2. Лебяжі ауданы Құрмет
грамотасының сипаттамасы

      5. Лебяжі ауданы Құрмет грамотасының формасы:

      - мемлекеттік тілінде: Лебяжі ауданының Құрмет грамотасы;

      - орыс тілінде: Почетная грамота Лебяжинского района.

      Құрмет грамотасы қосымша жапсырмасы бар, сыртқы жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" және орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" жазулары бар көгілдір түсті папкадан тұрады.

      Қосымша жапсырма баспаханалық тәсілмен кеңейтілген түрінде қалың жылтыратылған қағаздан дайындалады. Қосымша жапсырманың сыртқы жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен мемлекеттік тілде "Лебяжі ауданы" және төменгі бөлігінде орыс тілінде "Лебяжинский район" жазулары бейнеленген.

      Қосымша жапсырманың ішкі жағының оң және сол жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және сол жағында мемлекеттік тілде "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" және оң жағында орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" жазулары бар.

      Қосымша жапсырманың сол жағынан мемлекеттік тілде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбегін атап көрсету үшін арнайы орын белгіленген.

      Қосымша жапсырманың оң жағынан орыс тілінде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбегін атап көрсету үшін арнайы орын белгіленген.

3. Лебяжі ауданының Құрмет
грамотасын тапсыру тәртібі

      6. Лебяжі ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім Лебяжі аудандық мәслихаты хатшысының және Лебяжі ауданы әкімінің ұсынысы бойынша Лебяжі аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.

      Құрмет грамотасына аудандық мәслихатының хатшысы және Лебяжі ауданының әкімі қол қояды.

      7. Лебяжі ауданының Құрмет грамотасы тапсыру салтанатты түрде Лебяжі ауданы мәслихатының хатшысымен және Лебяжі ауданының әкімімен өткізіледі.

      8. Лебяжі ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау бойынша алдын ала қарастыру және ұсыныстарды дайындау үшін келіп түскен құжаттар Лебяжі ауданы мәслихатының жанында құрылған әлеуметтік сала және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жолданады.

      9. Марапаттау бойынша материалдар Лебяжі ауданының мәслихатында сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады