Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 08.04.2019 № 197/39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Лебяжі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Лебяжі ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі бекітілсін.
2. Лебяжі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 маусымдағы "Лебяжі ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау жөнінде Ережесін бекіту туралы" № 3/33 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3896 болып тіркелген, 2014 жылғы 2 тамыздағы аудандық "Аққу үні", "Вести Акку" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ. Әлтаев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | С. Мүсінова |
Лебяжі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 қарашадағы № 97/18 шешімімен бекітілген |
Лебяжі ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Лебяжі ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленген және Лебяжі ауданының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі - Құрмет грамотасы) наградтауға ұсыну және оны тапсыру тәртібін анықтайды.
2. Құрмет грамотасымен Лебяжі ауданының алдында сіңірген еңбектерін тану белгісінде, экономика, әлеуметтік саланың, ғылым, мәдениет, білім берудің дамуына, ұлтаралық келісім мен өзара түсінушілікті, әскери, сондай-ақ өзге де мемлекеттік қызметтің және аймақтағы қоғамдық қызметтің нығаюына қосқан жеке үлесі және айтарлықтай жетістіктерге жеткені үшін азаматтар, еңбек ұжымдары және ұйымдар наградталады.
3. Аудандық мәслихатына Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынымдарды аудандық мәслихатының депутаттары, ауданының әкімі, аудандық бюджетінен қаржыландырылатын ауданының атқарушы органдардың, ауданының аумағында қызмет жасайтын мемлекеттік орталық органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, ауданының ауыл округтерінің әкімдері, ауданының қоғамдық және діни бірлестіктерінің алқалық органдары енгізеді.
4. Белгіленген үлгідегі наградтау парағында марапатталушының жеке басын, саладағы және берілген ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілін, оның нақты сіңірген еңбектерін, жұмысының сапасы мен тиімділігі туралы деректер мазмұндалады.
Наградтау парағына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды және елтаңбалы мөрмен бекітеді.
2-тарау. Лебяжі ауданының Құрмет грамотасының сипаттамасы
5. Құрмет грамотасының формасы:
қазақ тілінде: Лебяжі ауданының Құрмет грамотасы;
орыс тілінде: Почетная грамота Лебяжинского района.
Құрмет грамотасы қосымша жапсырмасы бар, сыртқы жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және қазақ тілінде "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" және орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" жазулары бар көгілдір түсті папкадан тұрады.
Қосымша жапсырма баспаханалық тәсілмен кеңейтілген түрінде қалың жылтыратылған қағаздан дайындалады. Қосымша жапсырманың сыртқы жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен қазақ тілінде "Лебяжі ауданы" және төменгі бөлігінде орыс тілінде "Лебяжинский район" жазулары бейнеленген.
Қосымша жапсырманың ішкі жағының оң және сол жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және сол жағында қазақ тілінде "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" және оң жағында орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" жазулары бар.
Қосымша жапсырманың сол жағынан қазақ тілінде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбектерін атап көрсету үшін орын белгіленген.
Қосымша жапсырманың оң жағынан орыс тілінде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбектерін атап көрсету үшін орын белгіленген.
3-тарау. Лебяжі ауданының Құрмет грамотасын тапсыру тәртібі
6. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.
Құрмет грамотасына аудандық мәслихатының хатшысы және ауданының әкімі қол қояды.
Құрмет грамотасын тапсыру алдында марапаттау туралы шешім жарияланады.
7. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда марапатталушыға жеке тапсыру етіледі. Құрмет грамотасын аудан әкімі және (немесе) аудандық мәслихат хатшысы немесе олардың тапсырыс бойынша тұлға тапсыру етеді.
8. Лебяжі ауданының Құрмет грамотасымен наградтау бойынша алдын ала қарастыру және ұсыныстарды дайындау үшін келіп түскен құжаттар Лебяжі ауданы мәслихатының жанында құрылған әлеуметтік сала және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жолданады.
9. Наградтау бойынша материалдар Лебяжі ауданының мәслихатында сақталады.