Лебяжі ауданы Лебяжі ауылдық округінің Аққу ауылы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 шілдедегі № 2/34 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 тамызда № 3942 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 қазандағы № 279/57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 20.10.2020 № 279/57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3–бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 Қаулысына сәйкес, Лебяжі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Лебяжі ауданы Лебяжі ауылдық округінің Аққу ауылы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары бекітілсін.

      2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Лебяжі ауданы Лебяжі ауылдық округінің Аққу ауылының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы тұрғындарының жалпы санынан 1 (бір) % мөлшерде бекітілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджеттік саясат, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы, аудандық


мәслихат хатшысы

Қ. Әлтаев


  Лебяжі аудандық мәслихатының
(V сайланған ХXXIV сессиясы)
2014 жылғы 30 шілдедегі
№ 2/34 шешімімен
Бекітілген

Лебяжі ауданы Лебяжі ауылдық округінің Аққу ауылы аумағында
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Лебяжі ауданы Лебяжі ауылдық округінің Аққу ауылы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 Қаулысына сәйкес әзірленді және Лебяжі ауданы Лебяжі ауылдық округінің Аққу ауылы аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жерглікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Лебяжі ауданы Лебяжі ауылдық округінің Аққу ауылы аумағындағы тұрғындардың бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Лебяжі ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Лебяжі ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауыл шегінде бөлек жиынды өткізуді Лебяжі ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Лебяжі ауданы Лебяжі ауылдық округінің Аққу ауылының қатысып отырған және оған қатысу құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Лебяжі ауданы Лебяжі ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Лебяжі ауданы Лебяжі ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Лебяжі аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Лебяжі ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады