Лебяжі ауданы Қызылағаш ауылдық округінің Бесқарағай ауылы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 6/36 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 қазанда № 4045 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 қазандағы № 280/57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 20.10.2020 № 280/57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3–бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 Қаулысына сәйкес, Лебяжі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Лебяжі ауданы Қызылағаш ауылдық округінің Бесқарағай ауылы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.

      2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Лебяжі ауданы Қызылағаш ауылдық округінің Бесқарағай ауылының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы тұрғындарының жалпы санынан 3 (үш) % мөлшерде бекітілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Лебяжі аудандық мәслихаттың экономика және бюджеттік саясат, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Жиеналин
      Аудандық мәслихат хатшысы Қ. Әлтаев

  Лебяжі аудандық мәслихатының
(V сайланған ХXXVI (кезектен тыс)
сессиясы) 2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 6/36 шешімімен
Бекітілген

Лебяжі ауданы Қызылағаш ауылдық округінің Бесқарағай
ауылы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізудің Қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Лебяжі ауданы Қызылағаш ауылдық округінің Бесқарағай ауылы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, сондай–ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 Қаулысына сәйкес әзірленді және Лебяжі ауданы Қызылағаш ауылдық округінің Бесқарағай ауылы аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Лебяжі ауданы Қызылағаш ауылдық округінің Бесқарағай ауылы аумағындағы тұрғындардың бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Қызылағаш ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Лебяжі ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауыл шегінде бөлек жиынды өткізуді Қызылағаш ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Лебяжі ауданы Қызылағаш ауылдык округінің Бесқарағай ауылының қатысып отырған және оған қатысу құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Лебяжі ауданы Қызылағаш ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Лебяжі ауданы Қызылағаш ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Лебяжі ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Қызылағаш ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады