Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 19.07.2019 № 212/43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 Қаулысына сәйкес, Лебяжі ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Лебяжі аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 1/31 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3781 тіркелген, 2014 жылғы 06 мамырдағы "Аққу үні"-"Вести Акку" № 18 газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1–тармағының он жетінші абзацындағы "Халықаралық мүгедектер күніне орай" сөздері "Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ. Жиеналин |
Аудандық мәслихат хатшысы | Қ. Әлтаев |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Павлодар облысының әкімі | Қ. Бозымбаев |
2014 жылғы "07" қараша |