Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2)-тармақшасына сәйкес Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2015 жылға арналған Лебяжі ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2015 жылға арналған халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар мен тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін.
3. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларды іске асыруды жүзеге асырсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Жанғазинов |
Лебяжі ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 370/12 қаулысына 1-қосымша |
2015 жылға арналған Лебяжі ауданының аумағында
тұратын, халықтың нысаналы топтарына
жататын тұлғалардың қосымша тізбесі
2015 жылға арналған Лебяжі ауданының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі:2015 жылға арналған Лебяжі ауданының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі:
1) дәрігерлік-кеңес комиссиясының анықтамасы бойынша еңбекке шектеуі бар тұлғалар;
2) 50 жастан асқан тұлғалар;
3) жұмыс өтілі жоқ, 21 ден 29 жасқа дейінгі жастағы жастар;
4) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін тұлғалар;
5) бірде бір мүшесі жұмыс істемейтін отбасынан шыққан жұмыссыз тұлғалар.
Лебяжі ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 370/12 қаулысына 2-қосымша |
2015 жылға арналған халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды
әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар мен тұлғалардың қосымша тізбесі
2015 жылға арналған халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар:1) зейнеткерлік алдындағы жасқа келген (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) тұлғаларға қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі олардың зейнеткерлік жасына келуіне дейін ұзартылсын;
2) зейнеткерлік жасқа келген тұлғалардан (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) басқа, дәрігерлік-кеңес комиссиясының анықтамалары бойынша еңбекке шектеуі бар тұлғаларға, мүгедектерге қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі бір жылға дейін белгіленсін.