Лебяжі ауданы Аққу ауылының Ш.Қадырбаев көшесінің бір бөлігін "Невель" көшесі деп қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Лебяжі ауданы Лебяжі ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 08 желтоқсандағы № 4 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 желтоқсанда № 4242 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік аумақтық құрылысы» Заңының 14 -бабының 4)- тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес Лебяжі ауданының Аққу ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Лебяжі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Лебяжі ауданының Аққу ауылы Қадырбаев көшесіндегі № 2/1, 2/2, 4/1, 4/2, 6, 8/1, 8/2, 9/1, 9/2, 10/1, 10/2, 11/1, 11/2, 13/1, 13/2, 15/1, 15/2 орналасқан тұрғын үйлер бөлігі «Невель» көшесі деп қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкіміЕ. Балтабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады