Май аудандық мәслихатының (V сайланған XXVII сессиясы) 2013 жылғы 24 желтоқсандағы "2014 - 2016 жылдарға арналған Май аудандық бюджет туралы" N 1/27 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы N 1/32 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 сәуірде N 3752 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Май аудандық мәслихатының (V сайланған ХХVII сессиясы) 2013 жылғы 24 желтоқсандағы "2014 - 2016 жылдарға арналған Май аудандық бюджет туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 10 қаңтарда N 3663 тіркелген, 2014 жылғы 18 қаңтардағы аудандық "Шамшырақ" газетінің N 2 жарияланған) N 1/27 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "6. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет жөніндегі комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Ж. Нұров

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Ғ. Арынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады