Павлодар аудандық мәслихатының (5 сайланған 32 кезектен тыс сессиясының) 2014 жылғы 25 сәуірдегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 32/242 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 07 қарашадағы № 40/297 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 қарашада № 4177 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 78/366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 23.12.2020 № 78/366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШIМ ЕТЕДI:

      1. Павлодар аудандық мәслихатының (5 сайланған 32 кезектен тыс сессиясы) 2014 жылғы 25 сәуірдегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 32/242 (Нормативтiк-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3780 тiркелген, 2014 жылғы 4 мамырдағы "Заман тынысы" аудандық газетiнiң № 19, 2014 жылғы 4 мамырдағы "Нива" аудандық газетiнiң № 19 жарияланған) шешiмiне мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

      1-тармақтың алтыншы абзацында "Халықаралық мүгедектер күнiне" деген сөздерi "Қазақстан Республикасының Мүгедектер күнiне" деген сөздерiмен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы,


мәслихат хатшысы

Б. Оралов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады