Жекелеген санаттағы алушыларға мерекелік және атаулы күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы N 142/32 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 сәуірде N 3766 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі N 174/35 шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 28.04.2014 N 174/35 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысының 10-тармағына сәйкес Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек атаулы күндерге және мерекелік күндерге келесі мөлшерлерде белгіленсін:
      1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай:
      зейнетақының, жәрдемақының ең төменгі мөлшерін алатын немесе зейнетақының, жәрдемақының ең төменгі мөлшерінен төмен алатын, зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтарға, атап айтқанда:
      80 жастағы және одан асқан зейнеткерлерге 2,9 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде;
      қазанның екінші жексенбісі - Халықаралық мүгедектер күніне орай: 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, 1, 2 топтағы мүгедектерге 2,3 АЕК мөлшерінде;
      9 мамыр – Жеңіс күніне орай:
      Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі - ҰОС) қатысушыларына және мүгедектеріне 69 АЕК мөлшерінде, сонымен қоса 5000 (бес мың) теңге сомаға азық-түлік жиынтығы;
      ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген және (Ауғанстандағы соғыс әрекеттеріне қатысқан тұлғалардан, 1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясы апатының салдарын жоюға қатысқан тұлғалардан және Чернобыль атом электростанциясы (бұдан әрі - ЧАЭС) апатының салдарынан мүгедек болған тұлғалардан басқа) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғалар санаттарына 1,8 АЕК мөлшерінде;
      1986 - 1987 жылдары ЧАЭС апатының салдарын жоюға қатысқан, тұлғаларға және ЧАЭС апатының салдарынан мүгедек болған тұлғаларға 3,5 АЕК мөлшерінде;
      Ауғанстандағы соғыс әрекеттеріне қатысқан тұлғаларға 14 АЕК мөлшерінде;
      1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет еткен) және қайсар еңбегі мен ҰОС кезінде тылда мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендары және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға 1,8 АЕК мөлшерінде.
      2. Осы шешімнің жүзеге асырылуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            С. Смағұлова
      Аудандық мәслихат хатшысы                  Р. Бечелова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Павлодар облысы
      әкімінің орынбасары                        Ғ. Сәдібеков
      2014 жылғы 31 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады