Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 130/44 "Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 04 қарашадағы № 163/50 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 қарашада № 4195 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 280/83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 11.12.2020 № 280/83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы 2–3–тармағына, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 130/44 "Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3776 тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырдағы ауданның "Маралды" газетінің № 18, 2014 жылдың 1 мамырдағы ауданның "Трибуна" газетінің № 18 жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      он тоғызыншы абзацтағы 1 тармақтағы "Халықаралық мүгедектер күніне" сөздері "Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне" деген сөздеріне өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Лямцев
      Аудандық мәслихат хатшысы Т. Абдрахманов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Павлодар облысы әкімінің
      міндетін атқарушы Д. Тұрғанов
      2014 жылғы "7" қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады