Шарбақты аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 280/83 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 желтоқсанда № 7106 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шарбақты аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының бюджет және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шарбақты аудандық мәслихатының сессия төрағасы Л. Маринко
      Шарбақты аудандық мәслихатының хатшысы С. Шпехт

  Шарбақты аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 280/83 шешіміне
қосымша

Шарбақты аудандық мәслихатының күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" 130/44 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3776 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырда аудандық "Трибуна", "Маралды" газеттерінде жарияланған).

      2. Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 4 қарашадағы "Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 130/44 "Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 163/50 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4195 болып тіркелген, 2014 жылғы 4 желтоқсанда аудандық "Трибуна", "Маралды" газеттерінде жарияланған).

      3. Шарбақты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 ақпандағы "Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 130/44 "Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 195/55 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4382 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 наурызда аудандық "Трибуна", "Маралды" газеттерінде жарияланған).

      4. Шарбақты аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 желтоқсандағы "Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 130/44 "Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 39/14 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5347 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 қаңтардағы аудандық "Трибуна", "Маралды" газеттерінде жарияланған).

      5. Шарбақты аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 мамырдағы "Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 130/44 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 194/57 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6404 болып тіркелген, 2019 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады