V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІХ сессиясының "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 175 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХІV сессиясының 2014 жылғы 18 ақпандағы № 205 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 наурызда N 1023 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы маслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы маслихатының 23.07.2015 № 347 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІХ сессиясының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 175 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілерін тіркеу Тізілімінде № 1004 тіркелген, 2013 жылғы 22 қаңтарда «Алматы Ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
      3 бөлімдегі 23 тармақтың екінші абзацындағы:
      «20» және «21» сандары «19» және «20» сандарымен ауыстырылсын.
      2.-Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы И.,Лиге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю.,Ильинге (келісім бойынша) жүктелсін.
      3..Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Т.-Мұқашев нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
      4.-Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      V сайланған
      Алматы қаласы мәслихатының
      XXІV сессиясының төрағасы                      Қ. Шалабаев

      V сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы                           Т. Мұқашев

Келісілді:

Алматы қаласы әкімінің орынбасары                    Ю. Ильин

Алматы қалалық Жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы                                Ә. Құлмаханов

Алматы қаласы әкімі аппараты
заң бөлімінің басшысы                                А. Қасымова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады