"Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі N 2/258 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 мамырда N 1037 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 3/376 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 11.08.2016 № 3/376 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) оның Құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер туралы Алматы қаласының әділет органдарына хабарласын;
      2) осы қаулының Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Б. Қарымсақовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алматы қаласының әкімі А. Есімов

  Алматы қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 17 сәуірдегі № 2/258
қаулысымен бекітілді

"Алматы қаласы әкімінің аппараты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

      1. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы әкімінің және әкімдігінің қызметін ақпараттық - талдау және ұйымдық-құқықтық, хаттамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
      2. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық үлгісіндегі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қазынашылық органдарда есеп шоттары бар.
      4. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      6. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 005001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4.
      9. Толық атауы:
      мемлекеттік тілде: "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима города Алматы".
      10. Осы Ереже "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің фунциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Алматы қаласы әкімінің аппараты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы,
негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      13. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы - ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық, хаттамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп белгіленген.
      14. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 29, 38 баптарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Жарлығымен белгіленген:
      1) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің актілерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету және қаланың аумағында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың оларды орындауын бақылау;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесімен, Қазақстан Республикасы Үкіметімен, Парламентімен, қаланың өкілді органы - Алматы қаласының мәслихатымен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өзара бірлесе отырып, іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету.
      3) мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін бағалау, оның ішінде қала әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау, мемлекеттік органдардың қызметін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
      4) қала әкімі белгілеген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      15. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-2 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 38 бабына сәйкес белгіленген:
      1) Алматы қаласы әкімі мен әкімдігін ақпараттық-талдау, құқықтық, ұйымдық, хаттамалық, құжаттамалық, материалдық-техникалық және өзге де түрде қамтамасыз ету;
      2) қаладағы ішкі саяси және экономикалық ахуалды зерттеу және талдау, оның дамуын болжау, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың жұмысын талдау;
      3) атқарушылық тәртіп жағдайына талдау жүргізу және қала әкіміне хабарлау;
      4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдарының актілері мен тапсырмаларының, қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімі шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
      5) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасының шеңберінде сайлау өткізу мәселелері бойынша ұйымдастырушылық дайындықты және іс-шараларды өткізуді жүзеге асыру;
      6) әкімшілік-аумақтық құрылыс, тіршілікті қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту, көлік инфрақұрылымы, аумақтық даму мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;
      7) қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдауды жүзеге асыру, стратегиялық жоспарлау, болжау және дамудың болашақ бағыттарын дайындау;
      8) әлеуметтік-мәдени саладағы қызметті үйлестіру;
      9) өзара іс-қимылды ұйымдастыру және ведомствоаралық мәселелер, оның ішінде қала аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыспен күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және лаңкестіктің алдын алу мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру;
      10) қала әкімінің және аудандар әкімдерінің халықпен есеп беру кездесулерін өткізуін ұйымдастыру және үйлестіру;
      11) қала әкімдігінің мәжілістерін, қала әкімі мен оның орынбасарларының, қала әкімі аппараты басшылығының кеңестерін, семинарлар мен өзге де іс-шараларды жоспарлау және оларға дайындалу мен өткізуді ұйымдастыру, мәжілістердің материалдары мен хаттамаларын ресімдеу мен таратуды жүзеге асыру;
      12) Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, оның ішінде Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының қатысуымен іс-шаралар өткізу;
      13) өзінің құзыреті шегінде Алматы қаласы әкімдігінің Регламентін сақтауды қамтамасыз ету;
      14) қала әкімінің тапсырмасы бойынша қала әкімдігі мен әкімінің мүдделерін сотта білдіру және қорғау, прокурорлық назар аудару актілерін қарау;
      15) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
      16) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың келесі бағыттар бойынша тиімділігін бағалау:
      мемлекеттік қызметтерді көрсету;
      персоналды басқару;
      ақпараттық технологияларды қолдану;
      17) "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мекемесінің ісін жүргізу және ұйымдастыру, оның ішінде құпия, арнайы байланыс, хат-хабарды өңдеу, нормативтік құқықтық актілердің талаптарына, құпия режиміне сәйкес болуын, "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына өткізу және нысан ішіндегі режимді қамтамасыз ету;
      18) жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жетілдіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      19) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандар әкімдері аппараттарының, атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, олардың жұмысын жетілдіру;
      20) қала әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау, қала әкімдігінің және әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      21) гендерлік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      22) кадр саясатын ұйымдастыру;
      23) мемлекеттік наградалармен, қала әкімінің грамоталарымен марапаттауға ұсыну жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      24) қала әкімдігінің қаулыларының, қала әкімінің шешімдерінің және өкімдерінің жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне сараптама жасау;
      25) нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу, сондай-ақ норма жасау қызметін үйлестіру;
      26) қала әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз ету;
      27) қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімінің өкімдерінің және қабылдайтын шешімдерінің жобаларын, сондай-ақ "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарының қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де жақтарының қала әкімдігінің Регламентіне сәйкестігіне сараптама жүргізу, сараптама нәтижесі бойынша қорытындылар (анықтамалар) әзірлеу;
      28) алқа билеріне кандидаттардың тізімдерін әзірлеу жұмысын ұйымдастыру;
      29) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ету;
      30) қала әкімінің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету;
      31) "электрондық әкімдік" жүйесін ақпараттандыру деңгейін көтеру және дамыту жұмысын ұйымдастыру;
      32) мемлекеттік органның жұмысының сапасын көтеру және өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру;
      33) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
      34) әскери басқарудың жергілікті органдарына олардың жұмысына бейбітшілік уақытында және жұмылдыру жарияланған кезде жәрдемдесу;
      35) әскери міндеттілерді броньдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      36) мемлекеттік органдарды және ұйымдарды жұмылдыру кезеңінде, соғыс жағдайында және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру;
      37) жұмылдыру жоспарларын әзірлеу және бекіту;
      38) уәкілетті органның аумақтық органымен бірлесе отырып, жергілікті масштабтағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды орындауды ұйымдастыру;
      39) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
      40) бекітілген бюджетке сәйкес жергілікті бюджеттің төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнінде орындалуын қамтамасыз ету;
      41) іс-қағаздарын кезең-кезеңмен мемлекеттік тілде енгізу;
      42) "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қала әкімі жүктеген өзге де функциялар.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы әкімдігінің 22.12.2015 № 4/665 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       16. Негізгі міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзінің құзыреті шегінде:
      1) Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен, оның ішінде арнайы байланыс және көрсеткіштерді беру жүйесін пайдаланып, құпия және қызметтік жазбаларды жүргізу;
      2) мемлекеттік органдар әзірлеген әкімдік пен қала әкімінің актілерінің жобалары бойынша сараптама мен қорытындыларды әзірлеуді жүзеге асыру;
      3) қала әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмалары бойынша қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеу;
      4) заңнамада белгіленген жағдайларда қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын оны әзірлеушілерге қайтару;
      5) мүдделі мемлекеттік органдармен нормативтік құқықтық және өзге актілердің жобаларының келісімін алуды бақылау және ол болмаған жағдайда тиісті жобаларды қала әкімдігінің Регламентіне сәйкес қайтару;
      6) қала әкімдігінің шешімін талап етпейтін мәселелер бойынша іс қағаздарын тиісті мемлекеттік органдарға жолдау және қайтару;
      7) қала әкімінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың қала әкімдігі мен қала әкімі актілерінің жобалары бойынша, сондай-ақ қабылданған нормативтік құқықтық актілерді орындау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың келіспеушіліктерін қарау жөнінде кеңес шақыру;
      8) кеңес өткізу жағдайында, нормативтік құқықтық актілері бойынша ескертпелерді жою мақсатында оған басшының орынбасарларынан төмен емес лауазымдағы мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын шақыру;
      9) қала әкімдігінің қаулыларын, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобасын сараптама жүргізу барысында аталған ескертпелерді жоюға оны әзірлеуші келісім берген жағдайда жұмыс тәртібінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуші мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, толықтыру;
      10) қала әкімінің, оның орынбасарларының және Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуын тексеруді ұйымдастыру, оған қатысу және оның орындалуына бақылау жүргізу;
      11) мемлекеттік органдарда іс құжаттарын жүргізу талаптарын орындау жөнінде, оның құпия режимін қамтамасыз ету, құпия іс құжаттарының құпиялылығын жүргізу, сондай-ақ қорғау құралдарын пайдалану және қорғалған басылым-бланкілік өнімдерін пайдалану жағдайына тексеру жүргізу;
      12) мемлекеттік орган басшыларының қала әкімі мен оның орынбасарларының тапсырмаларын орындамағаны немесе мұқият орындамағаны үшін жауапкершіліктері туралы ұсыныс енгізу;
      13) заңнамаға сәйкес өзге құқықтарды жүзеге асыру.
      17. Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қала әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, сондай-ақ қала әкімінің актілеріне сәйкес құрылған комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатыса алады.
      18. Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік органдарға қажетті материалдарды, мәліметтерді, сондай-ақ қала әкімдігі мен қала әкімінің актілерінің жобаларын толықтыру жөнінде берген талаптары, егер қала әкімінің, оның орынбасарларының және Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының тапсырмаларында орындалу мерзімі басқаша белгіленбесе, орындалуы тиіс.

3. "Алматы қаласы әкімінің аппараты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қызметін ұйымдастыру

      19. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы жүзеге асырады, ол "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
      20. Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысын Алматы қаласы әкімінің өкімімен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңмен белгіленген тәртіпте қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      22. Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы:
      1) қала әкімінің бекітуіне "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені, қала әкімі орынбасарларының арасында міндеттерді бөлу, "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық құрамын ұсынады, штаттық құрамда бекітілген шектерде оған өзгерістер енгізеді;
      2) Алматы қаласы әкімінің көмекшілерінің, кеңесшілерінің және бас инспекторларының жұмысын үйлестіреді, "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің және өзге құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды, өзге мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, қызмет атқаруды қамтамасыз етеді;
      3) қала әкімінің қарауына қала әкімінің көмекшісін, кеңесшілерін және бас инспекторларын, "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлімдері мен өзге құрылымдардың басшыларын, бас мамандарын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқару органдарының басшыларын және олардың орынбасарларын қызметке тағайындау және одан босату жөнінде ұсыныс енгізеді;
      4) "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлімдері мен өзге құрылымдық бөлімшелері туралы Ережені бекітеді;
      5) қала әкімдігі мен қала әкімінің актілерінің орындалуы мен қадағалануына, оның тапсырмаларының орындалуына, құжаттардың өтуіне бақылау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
      6) қала әкіміне оның қол қою және қарау үшін қаулыларды, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін және қала әкіміне жолданған басқа да құжаттар мен материалдарды ұсынады;
      7) бұйрықтар шығарады;
      8) ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
      9) "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шығындар сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы құралдарын иеленеді;
      10) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      11) заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелейді, оларға тәртіптік жазалау шараларын қолданады;
      12) "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін іссапарларға, тәжірибе жинақтауға, қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарына оқуға жібереді және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің басқа да түрлері бойынша іссапарға жібереді;
      13) Аппараттың Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен, Қазақстан Республикасының Үкіметімен, Парламентімен, қаланың өкілді органы – Алматы қаласы мәслихатымен, қалалық бөлімшелерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен тұрақты негіздегі байланысын қамтамасыз етеді;
      14) қала әкімінің кадр саясатын жүзеге асыруды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
      15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қолдануға жеке жауапкершілікте болады;
      16) осы Ережеде көрсетілген, сондай-ақ қала әкімі оған жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      17) өзінің жекелеген өкілеттіктерін орындауды "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басқа да лауазымды адамдарына беруге құқылы.
      Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы, "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін бюджеттік бағдарламаның әкімгері ұйғарған жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу амалдарын жүзеге асырады.
      Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      23. Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілейді.

4. "Алматы қаласы әкімінің аппараты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      24. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітіп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      26. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер де Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Алматы қаласы әкімінің аппараты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесін
қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады