V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІХ сессиясының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 175 "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХVІІІ сессиясының 2014 жылғы 13 маусымдағы № 238 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 маусымда N 1062 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы маслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы маслихатының 23.07.2015 № 347 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІХ сессиясының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 175 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1004 тіркелген, 2013 жылғы 22 қазанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешімнің 5 тармағында «қазаннан» деген сөз «қарашадан» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты:
      1) осы шешімді Алматы қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
      2) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Н. Мулюковаға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге (келісім бойынша) жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      V сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының кезектен тыс
      ХХVIII сессиясының төрайымы                Х. Есенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады