Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 03.02.2021 № 1/76 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 1 тармағының 32-2) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | А. Есімов |
Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 4 шілдедегі N 3/549 қаулысына қосымша |
Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражатының
есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының
тізбесі
Жануарлардың бірнеше түрлерінің ортақ аурулары: лептоспироз, листериоз, пастереллез, қарасан.
Жылқылардың аурулары: жылқы тұмауы, сақау ауруы.
Шошқалардың аурулары: шошқа тілмесі.
Етқоректілердің аурулары: танау мен кеңірдектің жұқпалы ауруы.
Құстардың аурулары: Ньюкасл ауруы.