Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 04.11.2020 № 4/471 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңының 5 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө бұйрығымен бекітілген, Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ереженің 8 тармағына және V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVI сессиясының 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 220 "Учаскелік комиссиялар туралы Ережені келісу туралы" шешіміне сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Учаскелік комиссиялар туралы Ереже бекітілсін.
2. Алматы қаласы аудандарының әкімдері заңнамамен белгіленген тәртіпте учаскелік комиссиялар құрсын және олардың құрамдарын бекітсін.
3. "Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері арқылы әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтерді куәландыруға уәкілетті орган болып белгіленсін.
4. Басқарма осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | А. Есімов |
| |||||||
Учаскелік комиссиялар туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Учаскелік комиссиялар туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңының (бұдан әрі - Заң) 5 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө бұйрығымен бекітілген, Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ереженің 8 тармағына сәйкес әзірленді және учаскелік комиссиялардың мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайды.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) уәкілетті орган – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауды жүзеге асыратын Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы;
2) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек, әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытынды дайындау үшін Алматы қаласы ауданы әкімінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (бұдан әрі – әлеуметтік көмек қаулысы) сәйкес уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асырады, ал учаскелік комиссия әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізеді.
3. Учаскелік комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Алматы қаласының аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарымен ұйымдастырады.
4. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен қызметтері
5. Комиссияның негізгі міндеті болып уәкілетті органның халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) немесе V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XIX сессиясының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 175 "Учаскелік комиссия туралы Ережені келісу туралы" шешімімен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына (бұдан әрі - Ереже) сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмек көрсету, олардың атаулылығын арттыру жөніндегі қызметіне жәрдемдесу болып табылады.
6. Комиссияның негізгі қызметтеріне мыналар жатады:
1) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға немесе Қағидаларға сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмекті алуға өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу (бұдан әрі – зерттеу);
2) қажетіне қарай атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайына зерттеу жүргізуге қажетті жетіспейтін мәліметтерді алу үшін тиісті органдарға сұрау хат жолдау;
3) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға немесе Қағидаларға сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмекті алуға өтініш берген адамның (бұдан әрі - өтініш беруші) материалдық жағдайын зерттеу актісін жасау;
4) ұсынылған құжаттардың және/немесе зерттеу нәтижелерінің негізінде атаулы әлеуметтік көмек немесе Қағидаларға сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмекті берудің қажеттілігі немесе қажет еместігі туралы қорытындыны дайындау.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
7. Комиссия өз қызметін өтеусіз негізде жүзеге асырады.
8. Уәкілетті орган Комиссияның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасайды (отырыс өткізуге арналған жеке бөлме беру, нормативтік құқықтық актілермен, техникалық құралдармен қамтамасыз ету).
9. Комиссияның құрамына жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, үй-жайлар (пәтерлер) иелері кооперативтерінің, халықтың, ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғаудың уәкілетті органдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері кіруі мүмкін.
Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы бес адамнан кем болмауы тиіс.
Алматы қаласының аудан әкімінің әлеуметтік сала мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары Комиссия төрағасы болып табылады.
10. Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы Ережемен жүктелген міндеттер мен қызметтердің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
11. Зерттеуді өтініш берушінің қатысуымен, ал ол болмаған жағдайда – отбасының кәмелетке толған, іс-әрекетке қабілетті мүшелерінің бірінің қатысуымен Комиссияның кем дегенде екі мүшесі жүргізеді.
12. Жүргізілген зерттеудің нәтижелері бойынша Комиссия атаулы әлеуметтік көмекке Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек қаулысы) бекітілген 7 қосымшаға, ал әлеуметтік көмекке әлеуметтік көмек қаулысымен бекітілген 2 қосымшаға сәйкес өтiнiш берушiнің (отбасының) материалдық жағдайының Зерттеу актісін (бұдан әрі – зерттеу актісі) толтырады және оған комиссия мүшелері қол қояды.
13. Учаскелiк комиссия өтініш берушіні, ал ол болмаған жағдайда – отбасының зерттеу жүргізуге қатысқан, кәмелетке толған, іс-әрекетке қабілетті мүшелерінің біріне актіге қол қойғызып, таныстырады.
14. Өтініш иесінің, ал ол болмаған жағдайда – отбасының кәмелетке толған, іс-әрекетке қабілетті мүшелерінің бірінің зерттеу жүргізуден бас тартуы зерттеу актісіне жазылады.
15. Комиссия мүшелері уәкілетті органға ұсынылған өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын зерттеу актісінде көрсетілген мәліметтің растығына жауап береді.
16. Комиссия:
уәкілетті органнан құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) атаулы әлеуметтік көмек алу үшін өтініш берушінің материалдық жағдайын тексерудің нәтижелерінің негізінде қорытынды дайындайды және оны уәкілетті органға береді;
құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күннің ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Ережеге сәйкес әлеуметтік көмек алу үшін өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды әзірлейді және оларды уәкілетті органға жібереді.
17. Комиссияның отырысы он жұмыс күнінде кем дегенде бір рет өткізіледі. Комиссия отырысының уақтылы өткізілуі үшін жауапкершілік Комиссия төрағасына жүктеледі.
18. Комиссия отырысының өткізілетін күні туралы өтініш берушіге хабарлауды, отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, Комиссия отырысына қажетті құжаттар, материалдарды дайындау мен оны өткізгеннен кейін Комиссия отырысының хаттамасын ресімдеуді комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
19. Өтініш беруші Комиссияның отырысына қатыса алады.
20. Комиссияның шешімдері оның құрамының жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болып табылады.
21. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және Комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі оған дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып саналады.
22. Комиссияның қабылдаған шешімі атаулы әлеуметтік көмекке атаулы әлеуметтік көмек қаулысымен бекітілген 6 қосымшаға сәйкес қорытынды түрінде ресімделеді, ал әлеуметтік көмекке әлеуметтік көмек қаулысымен бекітілген 3 қосымшаға сәйкес қорытынды түрінде ресімделеді, оған төраға мен комиссия мүшелері қол қояды. Өтініш беруші қорытындымен танысып, қол қояды.
23. Комиссияның қорытындысы бойынша өтініш беруші уәкілетті органға, сондай-ақ сот тәртібімен шағымдана алады.