Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2015 ж. 22.07 № 3/459 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабы 3 тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014-2015 жылдарға арналған «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасына қатысушыларды кәсіптік даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі А. Есімов
Алматы қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 13 тамыздағы N 3/665
қаулысына қосымша
2014-2015 жылдарға арналған «Жұмыспен қамту 2020 жол
картасы» Бағдарламасына қатысушыларды кәсіптік даярлауға
мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ |
Оқу орнының |
Мамандықтың коды мен атауы |
Біліктілігі |
2014-2015 жылға |
|
Барлық |
11 сынып |
||||
1 |
«Перспектива» |
1219000-Нан пісіру, макарон және кондитер өнімдерінің өндірісі |
1219032- |
25 |
25 |
Барлығы: |
25 |
25 |
|||
Барлығы |
Барлығы |
25 |
25 |
||
Барлығы |
25 |
25 |