Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің «2014-2015 жылдарға арналған «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасына қатысушыларды кәсіптік даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» 2014 жылғы 13 тамыздағы № 3/665 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1082 болып тіркелген, «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде 2014 жылғы 6 қыркүйекте жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының кабылданғаны жайында әділет органдарына бір апталық мерзімде хабарласын;
2) бір апталық мерзімде осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге жүктелсін.
Алматы қаласы әкімі А. Есімов
Енгізуші:
Алматы қалалық Жұмыспен қамту
және әлеуметтiк бағдарламалар
басқармасының басшысы Е. Әлиқұлов
Келісілді:
Алматы қаласы
әкімінің орынбасары Ю. Ильин
Алматы қаласы әкімі
аппараты заң бөлімі басшысы А. Қасымова