Солтүстік Қазақстан облысында Жылыту маусымына дайындық және оны өткізу Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 31/9 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қаңтарда N 3069 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 7/11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 24.11.2016 № 7/11 шешімімен (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 4-1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
      Солтүстік Қазақстан облыстық
      мәслихаттың
      ХХХІ сессиясының төрағасы Е. Мәмбетов
      Солтүстік Қазақстан облыстық
      мәслихаттың хатшысы Қ. Едіресов

  Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 31/9 шешімімен бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі заңына, "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы заңына, "Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 1822 қаулысына, "Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 421 қаулысына, "Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортының нысанын, оны алу қағидаларын және мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 373 қаулысына, "Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 712 қаулысына, "Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 713 қаулысына сәйкес әзірленген және Солтүстік Қазақстан облысында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу тәртібін анықтайды.
      2. Қағида жылыту маусымының өтуі кезінде облыстың өндірістік, әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және отын-энергетикалық кешені объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оларды дайындау бойынша Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және отын-энергетикалық кешені ұйымдарының қызметін үйлестіреді.
      3. Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және отын-энергетикалық кешені ұйымдарының негізгі міндеттері тұтынушыларды тұрақты жылу, су, электр, газ және отынмен жабдықтауды қамтамасыз ету, энергия тасымалдағыштардың қажетті параметрлерін қолдау және ғимараттарда, олардың белгісі мен энергия тұтынудың төлемдік тәртібін ескере отырып нормативті температуралық режимді қамтамасыз ету.

2. Осы Қағидада қолданылатын негізгі ұғымдар

      4. Осы Қағидада келесі ұғымдар қолданылады:
      1) коммуналдық қызмет көрсету - электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріздендіру, сондай-ақ пәтерлерде, жеке, тұрғын үйлерде азаматтарға, сондай-ақ үй жанындағы учаскелер, көлікжай мұқтаждықтары үшiн жеке кәсiпкерлiкпен айналысатын тұтынушыларға тұратын жерлерi бойынша, кондоминиум объектiлерiне қоқысты шығару және лифт бойынша қызмет көрсету;
      2) көрсететін қызметті берушi - электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріздендірумен айналысатын, сондай-ақ қоқысты шығару және лифт бойынша қызметтерді ұсынатын (көрсететін) заңды және жеке тұлға (бұдан әрі - энергиямен жабдықтаушы ұйым), абоненттер мен кондоминиум объектiлерi үшін қызметтер көрсету - жылу және электр энергиясын жеткiзу болып табылады;
      3) тұтынушы - электр және (немесе) жылу энергиясын шарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
      4) энергиямен жабдықтау - тұтынушыларға электр энергиясын, жылу энергиясын, суды жеткiзу және сату;
      5) энергия беруші ұйым - электр немесе жылу энергиясын беруді шарттар негізінде жүзеге асыратын ұйым;
      6) энергиямен жабдықтаушы ұйым - сатып алынған электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым.
      5. Осы Қағиданы:
      1) облыстың жергілікті атқарушы органдары;
      2) энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар;
      3) Солтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешен объектілерін салуды, монтаждауды, қалпына келтіруді және жөндеуді орындайтын ұйымдарымен орындауға міндетті.
      6. Жылыту маусымының басталуы облыс аудандары және Петропавл қаласы әкімдерінің жыл сайынғы қаулысымен сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы 3-5 күн ішінде +10ҮС тең кезінде анықталады.
      7. Облыстың аудандары және Петропавл қаласының энергетикалық кешені және тұрғын үй-коммуналдық объектілерін алдағы жылыту маусымындағы жұмысқа дайындаудың жыл сайынғы жоспарын (бұдан әрі – жылыту маусымына дайындық жоспары) ұсыну тәртібі:
      1) облыстың тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешеніне кіретін кәсіпорындар облыстың аудандары және Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органдарына 10 жұмыс күні ішінде жыл сайын жылыту маусымы аяқталған соң жылыту маусымына дайындық жөніндегі жоспарларын ұсынады;
      2) облыстың аудандары және Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органдары кәсіпорындардың ұсынылған жылыту маусымына дайындық жоспарларын бір жоспарға біріктіріп, жинақтау үшін "Солтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне ұсынады.
      8. Жылыту маусымына дайындық жоспарымен көзделген іс-шараларды орындау бойынша есептер келесі тәртіпте ұсынылады:
      1) облыстың аудандарымен Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органдарына – тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешенге кіретін кәсіпорындар апта сайын;
      2) "Солтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне – облыстың аудандары және Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органдары апта сайын;
      3) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі" мемлекеттік мекемесіне – "Солтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі апта сайын.
      9. Жылыту маусымына дайындыққа қатысты жоспарланған жұмыстар орындалмаған кезде, есепке орындалмау себептері және жағдайды түзету бойынша қолданылып жатқан шаралары, орындаудың жаңа мерзімдері көрсетілген анықтама қоса беріледі.
      10. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушылармен өзара қарым-қатынасы олардың арасында жасалған шарттармен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен анықталады.
      11. Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және отын-энергетикалық кешені ұйымдарымен олардың ведомстволық қатыстылығы мен меншік формасына қарамастан жылыту маусымына дайындық және оны өткізу жауапкершілігі қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жүктеледі.
      12. Энергетикалық нысандардың дайындығын, оған қоса энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылардың жылу энергиясын ұтымды, үнемді өндіру мен пайдалануын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыры шеңберінде жүзеге асырады:
      1) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган;
      2) облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органы.
      13. Жылу маусымына дайындық және оны өткізуге байланысты іс-шаралар кешені келесі кезеңдерден тұрады:
      1) жылу маусымына дайындық;
      2) 100 Гкал/сағ дейінгі қазандықтары үшін жылумен жабдықтау жүйесі және жұмыс істеп тұрған резервтік отын шаруашылығын сынақтан өткізу (сынақтық жағып көру);
      3) температуралық кестеге сай тұрақты жылумен жабдықтау;
      4) қыстағы ең жоғары энергетикалық жүктеменің өтуі;
      5) жылу маусымының аяқталуы және жылыту кезеңіндегі аралықта ыстық сумен жабдықтауды (ЫСЖ) қамтамасыз ету.
      14. Облыс аудандары және Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органдары:
      1) тұтынушылардың жылу пайдаланатын қондырғыларын пайдалануын және техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
      2) жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады;
      3) жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарды тексеруді жүргізуін жүзеге асырады;
      4) жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жөндеу жоспарларын келісуді жүзеге асырады;
      5) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспорттарын беруді жүзеге асырады.
      15. Облыстық ведомствоаралық комиссия өз құзыреті шегінде, облыстың өндірістік және әлеуметтік кешенінің қысқы жағдайдағы жұмыстарға дайындығын бағалау бойынша Солтүстік Қазақстан облысындағы жылыту маусымына дайындығын және өтуін жалпы қадағалауды жүзеге асырады.
      16. Қалалық немесе аудандық ведомствоаралық комиссия энергетикалық кешенінің, тұрғын үй қорының, әлеуметтік саладағы және инженерлік инфрақұрылымдық нысандардың дайындығын бағалау бойынша облыстың аудандарының қалаларында және елді мекендерінде жылыту маусымының дайындығын үйлестіру мене өткізуді жүзеге асырады.

3. Жылыту маусымына дайындық

      17. Жылыту маусымына дайындық жұмысы келесі кезеңдерді қамтиды:
      1) өткен жылу маусымында анықталған кемшіліктерді талдауды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады;
      2) өткен жылыту маусымында анықталған ақаулар мен бұзушылықтарды жою бойынша іс-шараларды орындауды ескере отыра, жылыту маусымына дайындық жоспарларын әзірлеуді;
      3) жергілікті атқарушы органдармен келісілген температуралық кестенің болуын;
      4) энергияны өндіруші және энергияны таратушы ұйымдардың белгіленген нормаларға сай негізгі және қосалқы жабдықтарды толық көлемде және сапалы жөндеуді орындауын;
      5) ғимараттарды (үйлерді) дайындау, ғимараттардың (үйлердің) іштегі инженерлік жүйесін жөндеу және ауыстыру бойынша жұмыстарды атқаруды;
      6) отынның нормативтік қорын жасауды, алдағы күз-қыс мезгіліне отын жеткізу бойынша шарттардың болуын және энергетика мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде технологиялық апаттарды және зілзалалардың салдарын жою үшін жабдықтардың апаттық қорын, материалдық-техникалық ресурстарды қамтамасыз етуді;
      7) отын қоймаларын, отын дайындау жүйесін, отынды жеткізуді, қож бен күлді шығаруды, темір жол мен автомобильдердің кірме жолын, өртке қарсы шаруашылықты дайындауды.
      18. Жылумен жабдықтау көздері мен орталық жылу пункттерінде жұмыстарды аяқтау көзделген:
      1) ағымдағы жылғы 15 қыркүйекке дейін, күзгі кезеңдегі жылу беру қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті;
      2) ағымдағы жылғы 1 қарашаға дейін, қысқы еі жоғарғы жүктеменің өту кезеңінде жылу беру қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті.
      Жылумен жабдықтау көздерін қамтамасыз етуші электр, су құбырлы және газ коммуникацияларын жөндеу және алдын-ала қарау жұмыстары 25 қыркүйекке дейін аяқтау ұсынылады.
      19. Жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге қажетті жылу желілеріндегі, ғимараттар мен ішкіүйлік жүйелердегі жұмыстарды 1 қазанға дейін аяқтау ескерілген.
      20. Жылу желілері келесідей сынақтардан өтуі қажет:
      1) гидравликалық сынақтардан (орнықтылығы мен тығыздығына) – жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін және жылыту маусымы басталғанға дейін;
      2) жылулық сынақтардан (жылу тасығыштың ең жоғарғы температурасына) – 2 жылда 1 мәртеден сирек емес;
      3) гидравликалық сынақтар (гидравликалық жоғалтуларға) мен жылулық сынақтардан (жылулық жоғалтуларға) - бес жылда бір рет.
      21. Кондоминиум объектісін басқару органдары:
      1) қадаушылардан, қыздырғыш элементтерден, реттеуіш және ілмек арматурадан, жүк тасымалдау құралы тораптарынан, есеп тораптарынан, жылу энергиясын есептеуіш құралдарынан, құбырлардың жылу оқшаулығын, сондай-ақ осы желілерде орналасқан басқа да құралдардан құралған үйге ортақ (үй ішіндегі) жылу және ыстық сумен жабдықтау жүйелерін тиісті техникалық жағдайда ұстайды және қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, пайдалану жауапкершілігін бөлу шегінде коммерциялық есепке алу құралдарын және үйге ортақ мүлікті құрайтын (үйге ортақ) басқа да заттардың сақталуын қамтамасыз етеді;
      2) үйге ортақ мұқтаждыққа пайдаланылатын жылу энергиясын ұтымды тұтынуды қамтамасыз етеді, үй ішіндегі инженерлік жүйелердегі және жабдықтардағы шығындарға жол бермейді;
      3) жылумен жабдықтау бойынша энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдарды орнатқан пломбалардың бүтіндігі бұзылған оқиға туралы жылумен жабдықтау бойынша энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдарды хабардар етеді;
      4) үй ішіндегі инженерлік жүйелер мен жабдықтарда пайда болған бұзылушылықтарды жояды;
      5) жылумен жабдықтау бойынша энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдар өкілдердерінің үйге ортақ коммерциялық есептеуіш құралдарына, үй ішіндегі инженерлік жүйелер мен тұтынушылардың жылуды пайдаланушы қондырғылардың жабдықтарына бөгетсіз кіруін қамтамасыз етеді;
      6) үй ішіндегі инженерлік жүйелерді және жабдықтарды тиісті техникалық жағдайда ұстау бойынша жөндеу және пайдалану жұмыстарын жүзеге асыру үшін үшінші жақты тартады, сервистік қызмет субъектілерімен шартқа отырып, олардың орындалуын бақылайды;
      7) пәтерлердің (үй-жай) меншік иелерін инженерлік жүйелердің және жабдықтардың жұмыс режимін айырып тастау, сынау немесе өзге өзгерістер туралы апаттық жағдай туындауын қоспағанда, үш тәулік бұрын ескертеді.
      22. Жылу желілерінің қорғау аймағы маңында желілердің зақымдалуына әкеп соғуы мүмкін жұмыстарды жүргізетін ұйымдар, жұмыстардың басталуына дейін 3 тәуліктен кешіктірмей иелігінде жылу желілері бар ұйымдармен бұл жұмыстардың шарттары мен өткізу тәртібін келіседі.
      23. Жылумен жабдықтау жүйелеріндегі реконструкция және күрделі жөндеу бойынша жұмыстар жұмыстарды орындау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      24. Тұтынушы және көрсететін қызмет берушiнің арасындағы инженерлік желілер мен жабдықтардың жағдайы мен қызмет көрсету жауапкершілігінің шегі олардың теңгерімдік тиесілілігі бойынша анықталады.
      25. Жылу тұтыну жабдықтарын пайдалануға жiберу кезiнде мыналар ескерiледi:
      1) жаңадан қосылатын және реконструкцияланатын барлық жылу тұтыну жүйелерi энергия берушi және (немесе) энергия өндiрушi ұйымдармен келiсiлген жобалау құжаттамасына сәйкес орындалады;
      2) пайдалануға қосуға дейiн және әрбiр жылыту маусымының алдында тұтынушы алдағы жылыту маусымына жылу тұтыну жүйелерiнің және жылу желілерінің техникалық дайындығы туралы акт алу үшін, жылу желілерінің және тұрғын үй инспекциясы өкілдердің көзінше энергия берушi (энергия өндiрушi) ұйымға сумен шаю, тығыздау актілерін ұсынады;
      3) техникалық-экономикалық негiздемелер және жаңаларын салу мен 500 және одан да жоғары тонна шартты отынның энергетикалық ресурстарын жылдық тұтынумен жұмыс iстеп тұрған объектiлер мен кәсiпорындарды кеңейту жобалары мiндеттi түрде энергия үнемдеу сараптамасына жатады.
      26. Жылу желiлерi құбырлары пайдалануға енгiзілгенге дейiн монтаждаудан, күрделi жөндеуден және реконструкциялаудан өткеннен кейiн жуылып, тығыздалуы тиіс.
      27. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындығы дайындық паспортын алу шарты кезінде расталады:
      28. Тапсырыс берушiлер (тұтынушылар) және энергияны өндіруші және энергияны беруші ұйымдар пайдалануға қабылдамаған салынған қазандықтарды, жылу желiлерiн, орталық жылыту пункттерiн, сорғы станцияларын, орталық жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйелерін салынған үйлердi жылыту маусымына дайындауды құрылыс ұйымдары қамтамасыз етедi.
      29. Жылыту маусымына тұтынушылардың инженерлiк желiлерiн және жабдықтарын дайындау бойынша ұйымдастыру іс-шараларына мыналар жатады:
      1) инженерлiк желiлер мен жабдықтарды пайдалануға жауапты тұлғаны тағайындау;
      2) техникалық құжаттаманы дайындау;
      3) бақылау-өлшеу құралдарын және коммерциялық есепке алу құралдарын тексеруді өткiзу;
      4) жертөле және шатыр жайларының шегінде барлық жылумен жабдықтау және ыстық су құбырларын жылумен оқшаулауды орындау;
      5) кiреберiстер мен жертөлелердiң сыртқы есiктерiн жөндеу;
      6) шатырлар мен жертөлелердiң терезелерiн жабу;
      7) баспалдақ алаңдарындағы терезелердің қос әйнегін қалпына келтiру;
      8) баспалдақ алаңдарын жылытуды қалпына келтiру және іске қосу;
      9) жылыту пунктiнiң бөлмесін жөндеу: ақтау, сырлау, қажеттi жарықтандыруды және берiк бекiтiлуiн қамтамасыз ету;
      10) сыртқы құбырлар мен арматураларды жылумен оқшаулауды қалпына келтiру;
      11) жылу пайдаланушы жүйелердің орнатылған барлық тиектi, реттеушi арматураларын тексеру және жөндеу;
      12) техникалық термометрлердi тексеру, кейiннен техникалық майды құя отырып, гильзаны тазарту;
      13) жылыту маусымы аяқталған соң сумен шаю;
      14) пломбыланған, тексерiлген монометрлердi орнату;
      15) жылуды тұтынушы желiлерінiң барлық элементтерiнің механикалық беріктiгiн және гидравликалық тығыздығын сынау;
      16) ғимараттардың (үйлердiң) электр сымдары оқшаулығының қарсылығын тексеру.
      30. Транзитпен инженерлiк жүйе және жабдықтар өтетiн жертөле үй-жайларын жалға алушы немесе меншік иесi инженерлiк жүйені және жабдықтарды жөндеу бойынша жұмыстарды орындау үшін пайдаланушы ұйым қызметкерлерінің еркiн өтуін (апаттық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргізу үшiн тәулiктiң кез келген уақытында) қамтамасыз етедi.
      31. Дайындық жұмыстары орындалғаннан кейін жылу тұтыну жүйелерін қабылдауды энергия беруші ұйым жүзеге асырады және техникалық дайындық актісімен ресімделеді.
      Техникалық дайындық актісі бойынша қабылданбаған жылу тұтыну жүйелері жылыту маусымына дайындалмаған деп есептеледі және қайтадан техникалық тексерістен өткізілуі тиіс.
      32. Егер энергия өндіруші және (немесе) энергия беруші ұйымдардың қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндігі болмаса, жылу энергиясын тұтынушыларды жылумен жабдықтау жүйлеріне қосуға жол берілмейді.

4. Жылыту режимі

      33. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар 1 қыркүйекке дейін Петропавл қаласы және облыс аудандарының жергілікті атқарушы органдарымен жылумен жабдықтау жүйелерiн қосу кестелері мен гидравликалық және температуралық көрсеткіштердің есептік кестелерін әзірлейді және келістіреді.
      Қосу кестелерiнде тұтынушыларды қосудың келесі кезектiлiгi сақталуы тиiс:
      1) балалар, емдік, мектепке дейінгі және мектеп мекемелері, қарттар мен мүгедектерге арналған үйлер;
      2) тұрғын үйлер, қонақ үйлер, жатақханалар;
      3) мәдениет, спорт және сауда объектілері, әкімшілік ғимараттар, өндірістік кәсіпорындар.
      34. Барлық ғимараттарды (үйлерді) қосқаннан кейін пайдаланушы ұйымдар жабдықтардың жай-күйін және үйішілік жүйелерді бастапқы реттеуді жүзеге асырады.
      35. Жылыту маусымы кезінде энергия жабдықтаушы, энергия өндіруші және энергия беруші ұйым тұтынушыға Шарт талаптарында белгіленген тәртіпте және мерзімде жылу энергиясын беру және (немесе) тарату бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шартқа сәйкес тиісті сападағы қызметтерді ұсынады.
      36. Жылыту маусымының өтуі кезінде жылумен жабдықтаушы ұйым келесілерді орындауы қажет:
      1) тұтынушыларға есептік гидравликалық және температуралық параметлерді қамтамасыз етеді. Жылумен жабдықтау көздерінің есептік температуралық жұмыс кестесінен жоспарлы ауытқулар қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарының, мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органның келісімімен жол беріледі;
      2) жоспардан тыс шектеулер немесе жылуды беруді тоқтату барысында не болмаса ыстық су сапасының төмендеуі кезінде қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарына, мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органына, коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың кезекшілік қызметтеріне себептерін, қолданылатын шараларды көрсете отырып хабарлайды;
      3) жылумен жабдықтау көздері мен инженерлік желілердегі апатты жағдайлар кезінде өздерінің өкілдерінің шығуын қамтамасыз етеді;
      4) жылу желілері құбырларындағы ақаулар мен зақымдануларды жою бойынша жұмыстар қолданыстағы нормативтерге сәйкес мерзімде жүргізіледі;
      5) ұйымның теңгерімінде тұрған инженерлік желілер мен жабдықтардың техникалық жағдайын бақылауды жүзеге асырады.
      37. Жылу маусымының өтуі кезінде энергия беруші ұйымдар:
      1) тұрғындардың наразылықтарын қабылдауды ұйымдастыруы және наразылықтардың себептерін анықтау мен жою бойынша шаралар қабылдауға;
      2) өз бетінше ойымдарға (жылумен жабдықтаушы ұйымның рұқсатынсыз), диафрагма мен қақпақтарды шешуге немесе бұрғылауды, тіреушелер арқылы суды ағызуды анықтауы;
      3) ұйымның балансында тұрған инженерлік желілерде технологиялық бұзушылықтарды оқшаулау және жою бойынша шұғыл іс-шаралар қабылдауы;
      4) жылумен жабдықтаудың шектелу ұзақтығы мен ажырату себептері туралы тұтынушыларды бұқаралық ақпарат құралдарымен және үйдің кіреберістеріне хабарламалар арқылы құлақтандыруы қажет.
      38. Жылыту маусымы басталғаннан энергия өндіруші және энеригия беруші ұйымдарда апаттық-қалпына келтіру бригадалары дайындыққа келтіріледі.
      39. Жылумен-, электрмен-, газбен-, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде апатты жағдай жарияланса:
      1) барлық тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешен объектілерінде басшылық құрам қатарынан жауапты тұлғалардың тәулік бойғы кезекшілігі енгізіледі;
      2) облыстың аудандары және Петропавл қаласы әкімдерінің өкімімен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және отын-энергетикалық ұйымдарда апатты жағдайларда пайдалану үшін тетіктермен және материалдармен қамтамасыз етілген қосымша апатты-қалпына келтіру бригадаларының күшейтілген дайындығы жүргізіледі.

5. Жылыту маусымының аяқталуы және жылытуаралық кезеңде ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз ету

      40. Жылыту маусымының аяқталуы жыл сайын облыстың аудандары және Петропавл қаласы әкімдерінің қаулысымен сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы 3-5 күн ішінде +10ҮС тең кезінде анықталады.
      41. Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін ғимараттарды (тұрғын үйлерді) пайдаланушы ұйымдар тұтынушылармен жасасқан шарттарына сәйкес энергия беруші ұйым өкілдерінің қатысуымен орталық жылыту жүйесін сөндіреді және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысын шарт талаптарда белгіленген жазғы сызба бойынша қамтамасыз етеді. Жылумен жабдықтау және жылу тұтыну жүйелерін жөндеуді келесі жылыту маусымның 1 қазанына дейін жүргізу қажет. Жылумен жабдықтау және жылуды тұтыну жүйелерiн жөндеуді 1 қазанға дейiн жүргiзу қажет.
      42. Осы Қағидалармен реттелінбеген мәселелер болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алу қажет.

6. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылардың жауапкершiлiгi

      43. Қағиданы бұзғаны үшін энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылардың жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады