1. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 28 наурыздағы № 24/18 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 24 сәуірде № 2682 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 сәуірде "Солтүстік Қазақстан" газетінде, 2014 жылғы 29 сәуірде "Северный Казахстан" газетінде жарияланған);
2) "Солтүстік Қазақстан облысында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 31/9 шешімінің күші жойылды деп тану туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 10 қазандағы № 6/9 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 3 ақпан № 3069 болып тіркелген, "2015 жылғы 3 ақпанда "Солтүстік Қазақстан" газетінде, 2015 жылғы 3 ақпанда "Северный Казахстан" газетінде жарияланған).
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың VII сессиясының төрағасы |
Ғ. Бөстекова |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың хатшысы |
В. Бубенко |