"Жас отбасылар үшін Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы тұрғын үй бағыты бойынша "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасына қатысушыларды іріктеу тәртібін және оларға тұрғын үй беру кезектілігін анықтау туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 19 қарашадағы № 2198 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 2028 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 желтоқсанда N 3011 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы N 432 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 27.02.2015 N 432 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жас отбасылар үшін Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы тұрғын үй бағыты бойынша "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасына қатысушыларды іріктеу тәртібін және оларға тұрғын үй беру кезектілігін анықтау туралы (Қызылжар - Нұры газетінде 2013 жылғы 06.12. № 49 жарияланған нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 2416 тіркелген)" Петропавл қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 19 қарашадағы № 2198 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1) аталған қаулының атауы мынадай редакцияда мазмұндалсын: "Жас отбасылар үшін Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы тұрғын үй бағыты бойынша "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасына қатысушыларды іріктеу тәртібін және оларға тұрғын үй беру кезектілігін анықтау туралы.
      2) қаулының 1- тармағы мынадай редакцияда мазмұндалсын: "Жас отбасылар үшін Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы тұрғын үй бағыты бойынша "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасына қатысушыларды іріктеу тәртібін және оларға тұрғын үй беру кезектілігін анықтау туралы
      3) қаулының қосымшасындағы мынадай редакцияда мазмұндалсын: "Жас отбасылар үшін Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы тұрғын үй бағыты бойынша "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасына қатысушыларды іріктеу тәртібін және оларға тұрғын үй беру кезектілігін анықтау туралы.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы саланы басқаратын Петропавл қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қаласының әкімі М. Тасмағанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады