Ескерту. Қаулының атауы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 23.10.2014 N 2028 қаулысымен (бірінші ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қолжетімді тұрғын үй – 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысымен бекітілген "Қолжетімді тұрғын үй – 2020" бағдарламасын іске асыру мақсатында Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жас отбасылар үшін Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы тұрғын үй бағыты бойынша "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасына қатысушыларды іріктеу тәртібін және оларға тұрғын үй беру кезектілігін анықтау туралы.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 23.10.2014 N 2028 қаулысымен (бірінші ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы саланы басқаратын Петропавл қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Т. Закариянов |
Петропавл қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 19 қарашадағы № 2198 қаулысына қосымша |
Жас отбасылар үшін Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы тұрғын үй бағыты бойынша "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасына қатысушыларды іріктеу тәртібін және оларға тұрғын үй беру кезектілігін анықтау туралы
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 23.10.2014 N 2028 қаулысымен (бірінші ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).1. Осы жас отбасылар үшін Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы тұрғын үй бағыты бойынша "Қолжетімді тұрғын үй – 2020" бағдарламасына қатысушыларды іріктеу және оларға тұрғын үй беру кезектілігі тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысымен бекітілген "Қолжетімді тұрғын үй – 2020" бағдарламасына (Бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес анықталды.
2. Бағдарламаға қатысуға өтініштерді қабылдау "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (Бұдан әрі - тұрғын үйді іске асыру бойынша уәкілетті орган) жалгерлік тұрғын үйді пайдалануға беруді жүргізгенге дейін 6 айдан кем емес уақытта басталады.
3. Бағдарламаға қатысуға өтінішті қабылдау жалгерлік тұрғын үй құрылысы басталғанға дейін 3 ай ішінде аяқталады.
4. ТКШ бөлімі бұқаралық ақпарат құралдарында және өтініштерді қабылдау орнында басталу туралы хабарлама жарияланғаннан күннен бастап құжаттарды қабылдауды бастайды және бұқаралық ақпарат құралдарында өтініштерді қабылдауды аяқтау жөніндегі хабарламада көрсетілген күннен бастап құжаттарды қабылдауды аяқтайды.
5. Бағдарламаға қатысуға үміткерлер жетіспеген жағдайда, тұрғын үйді іске асыру бойынша уәкілетті орган өтініштерді қабылдау мерзімін он бес күнге ұзартуға құқылы.