Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының білім беру мекемелеріндегі 2014 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен білім оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 200. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 шілдеде N 2873 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 6 ақпандағы N 51 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 06.02.2015 N 51 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, "Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының білім беру мекемелеріндегі 2014 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен білім оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы-төлеу мөлшерлері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 6 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатыныстарға таралады.
      Аудан әкімі м.а. С. Мұқанов

  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 200 қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының білім беру мекемелеріндегі 2014 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен білім оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы-төлеу мөлшерлері

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім оқыту мекеменің атауы
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім оқыту мекемелерінің балалар саны (адам)
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім оқыту мекемелерінде жан басына шаққандағы айына қаржыландырудын құны (теңге)
Ата-ананың айыңа ақы төлеу мөлшері (теңге)
Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданы әкімділігінің "Балапан" ясли-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.
Жергілік бюджетінен қаржыланады
140
22084,5
7500
22084,5
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімділігінің "Чебуршка" ясли-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Жергілік бюджетінен қаржыланады
65
27805,1
5000
27805,1
Республика бюджетінен қаржыланатың мектепке дейінгі шағын орталықтар
195
6779,0
6200
6779,0
Жергілік бюджетінен қаржыланатың мектепке дейінгі шағын орталықтар
429
10137,0
6500
10137,0

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады