Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Қаратал ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы N 5-23-18 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 мамырда N 2757 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 18.05.2022 № 7-18-19 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 18.05.2022 № 7-18-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Қаратал ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Қаратал ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Солтүстік Қазақстан облысы
      Айыртау аудандық мәслихатының Айыртау аудандық
      XXIII кезекті сессиясының төрайымы мәслихатының хатшысы
      С. Сүлейменова Р. Тілеубаева

  Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық мәслихатының
2014 жылғы 31 наурыздағы № 5-23-18 шешіміне
қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Қаратал ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Қаратал ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Қаратал ауылдық округінің Ботай ауылының тұрғындарына

4

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Қаратал ауылдық округінің Высокое ауылының тұрғындарына

11

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Қаратал ауылдық округінің Қаратал ауылының тұрғындарына

30

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Қаратал ауылдық округінің Қоскөл ауылының тұрғындарына

5

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Қаратал ауылдық округінің Шүкірлік ауылының тұрғындарына

14

  Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық мәслихатының
2014 жылғы 31 наурыздағы
№ 5-23-18 шешімімен
бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Қаратал ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Қаратал ауылдық округ тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Қаратал ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Қаратал ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Айыртау ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Қаратал ауылдық округі ауылдарында бөлек жиынды өткізуді Қаратал ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Қаратал ауылдық округінің ауылдарынан қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Қаратал ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Қаратал ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қаратал ауылдық округі ауылдары өкілдерінің кандидатураларын Айыртау аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Қаратал ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады