Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Казанка ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл және көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы N 5-23-6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 мамырда N 2759 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 18.05.2022 № 7-18-19 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 18.05.2022 № 7-18-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Казанка ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл және көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Казанка ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Солтүстік Қазақстан облысы
      Айыртау аудандық мәслихатының Айыртау аудандық
      XXIII кезекті сессиясының төрайымы мәслихатының хатшысы
      С. Сүлейменова Р. Тілеубаева


  Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық мәслихатының
2014 жылғы 31 наурыздағы № 5-23-6 шешіміне
қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Казанка ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл және көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

 
 
Елді мекеннің атауы

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Казанка ауылдық округінің ауыл және көше тұрғындары өкілдерінің саны

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Казанка ауылдық округінің Аксеновка ауылының тұрғындарына

27

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Казанка ауылдық округінің Бұрлық ауылының тұрғындарына

8

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Казанка ауылдық округінің Всеволодовка ауылының тұрғындарына

18

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Казанка ауылдық округінің Казанка ауылының Советская көшесінің тұрғындарына

11

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Казанка ауылдық округінің Казанка ауылының Рабочая көшесінің тұрғындарына

5

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Казанка ауылдық округінің Казанка ауылының Коммунистическая көшесінің тұрғындарына

11

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Казанка ауылдық округінің Казанка ауылының Комсомольская көшесінің тұрғындарына

2

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Казанка ауылдық округінің Казанка ауылының Новая көшесінің тұрғындарына

5

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Казанка ауылдық округінің Казанка ауылының Набережная көшесінің тұрғындарына

4

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Казанка ауылдық округінің Казанка ауылының Больничная көшесінің тұрғындарына

3

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Казанка ауылдық округінің Казанка ауылының Колхозная көшесінің тұрғындарына

2

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Казанка ауылдық округінің Казанка ауылының Зеленая көшесінің тұрғындарына

2

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Казанка ауылдық округінің Никольское ауылының тұрғындарына

13

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Казанка ауылдық округінің Никольское-Бурлукское ауылының тұрғындарына

25

  Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық мәслихатының
2014 жылғы 31 наурыздағы
№ 5-23-6 шешімімен
бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Казанка ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Казанка ауылдық округінің ауылдарының және көшелерінің тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Казанка ауылдық округінде ауылдардың және көшелердің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Казанка ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Айыртау ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Казанка ауылдық округі ауылдарында және көшелерінде бөлек жиынды өткізуді Казанка ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Казанка ауылдық округінің ауылдарынан және көшелерінен қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Казанка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Казанка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Казанка ауылдық округі ауылдары және көшелері өкілдерінің кандидатураларын Айыртау аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Казанка ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады