Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 18.05.2022 № 7-18-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл және көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы | Солтүстік Қазақстан облысы |
Айыртау аудандық мәслихатының | Айыртау аудандық |
XXIII кезекті сессиясының төрайымы | мәслихатының хатшысы |
С. Сүлейменова | Р. Тілеубаева |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 5-23-9 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл және көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 25.11.2021 № 7-12-12 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Елді мекеннің атауы | Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Арықбалық ауылдық округінің ауыл және көше тұрғындары өкілдерінің саны |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Ағынтай Батыр ауылының тұрғындарына | 43 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Арықбалық ауылының Целинная көшесінің тұрғындарына | 3 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Арықбалық ауылының Ералы Мұқашев көшесінің тұрғындарына | 11 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Арықбалық ауылының Конституция көшесінің тұрғындарына | 7 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Арықбалық ауылының Центральная көшесінің тұрғындарына | 6 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Арықбалық ауылының Механизаторов көшесінің тұрғындарына | 8 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Арықбалық ауылының Бәйкен Әшімов көшесінің тұрғындарына | 17 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Арықбалық ауылының Николай Нижников көшесінің тұрғындарына | 12 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Арықбалық ауылының Нагорнаяная көшесінің тұрғындарына | 6 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Арықбалық ауылының Набережная көшесінің тұрғындарына | 10 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Арықбалық ауылының Озерная көшесінің тұрғындарына | 8 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Арықбалық ауылының Школьная көшесінің тұрғындарына | 8 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Арықбалық ауылының Шоқан Уәлиханов көшесінің тұрғындарына | 11 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Арықбалық ауылының М.Горький көшесінің тұрғындарына | 9 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Арықбалық ауылының Полевая көшесінің тұрғындарына | 5 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Арықбалық ауылының Степная көшесінің тұрғындарына | 5 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Арықбалық ауылының Северная көшесінің тұрғындарына | 3 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Арықбалық ауылының Новоселова көшесінің тұрғындарына | 5 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Арықбалық ауылының Абай көшесінің тұрғындарына | 3 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Арықбалық ауылының АТП көшесінің тұрғындарына | 9 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Арықбалық ауылының Рабочая көшесінің тұрғындарына | 8 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Арықбалық ауылының Юбилейная көшесінің тұрғындарына | 10 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Арықбалық ауылының 40 лет Победы көшесінің тұрғындарына | 6 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Арықбалық ауылының Новая көшесінің тұрғындарына | 3 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Арықбалық ауылының Райавтодор көшесінің тұрғындарына | 12 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Арықбалық ауылының Сейфуллин көшесінің тұрғындарына | 4 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Арықбалық ауылының Молодежная көшесінің тұрғындарына | 8 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Арықбалық ауылының Энтузиастов көшесінің тұрғындарына | 6 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Арықбалық ауылының Кузнечная көшесінің тұрғындарына | 5 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Горное ауылының тұрғындарына | 11 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Қарасай Батыр ауылының тұрғындарына | 24 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Баян ауылының тұрғындарына | 13 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің Целинное ауылының тұрғындарына | 14 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 5-23-9 шешімімен бекітілген |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің ауылдарының және көшелерінің тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Арықбалық ауылдық округінде ауылдардың және көшелердің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Арықбалық ауылдық округінің әкімі шақырады.
Айыртау ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Арықбалық ауылдық округі ауылдарында және көшелерінде бөлек жиынды өткізуді Арықбалық ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Арықбалық ауылдық округінің ауылдарынан және көшелерінен қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Арықбалық ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Арықбалық ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Арықбалық ауылдық округі ауылдары және көшелері өкілдерінің кандидатураларын Айыртау аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Арықбалық ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.