Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Лобанов ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл және көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы N 5-23-10 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 мамырда N 2763 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 18.05.2022 № 7-18-19 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 18.05.2022 № 7-18-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Лобанов ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл және көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Лобанов ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Солтүстік Қазақстан облысы
      Айыртау аудандық мәслихатының Айыртау аудандық
      XXIII кезекті сессиясының төрайымы мәслихатының хатшысы
      С. Сүлейменова Р. Тілеубаева

  Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық мәслихатының
2014 жылғы 31 наурыздағы № 5-23-10 шешіміне
қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Лобанов ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл және көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 25.11.2021 № 7-12-15 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

Елді мекеннің атауы

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Лобаново ауылдық округінің ауыл және көше тұрғындары өкілдерінің саны

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Лобанов ауылдық округінің Әлжан ауылының тұрғындарына

16

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Лобанов ауылдық округінің Заря ауылының тұрғындарына

13

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Лобанов ауылдық округінің Лобаново ауылының Лесхоз көшесінің тұрғындарына

6

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Лобанов ауылдық округінің Лобаново ауылының Озерная көшесінің тұрғындарына

4

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Лобанов ауылдық округінің Лобаново ауылының Набережная көшесінің тұрғындарына

10

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Лобанов ауылдық округінің Лобаново ауылының Еркін Әуелбеков көшесінің тұрғындарына

7

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Лобанов ауылдық округінің Лобаново ауылының Сәбит Мұқанов көшесінің тұрғындарына

7

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Лобанов ауылдық округінің Лобаново ауылының Абай көшесінің тұрғындарына

14

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Лобанов ауылдық округінің Лобаново ауылының Мағжан Жумабаев көшесінің тұрғындарына

6

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Лобанов ауылдық округінің Лобаново ауылының Шоқан Уәлиханов көшесінің тұрғындарына

7

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Лобанов ауылдық округінің Лобаново ауылының Ақан сері көшесінің тұрғындарына

6

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Лобанов ауылдық округінің Лобаново ауылының Василий Антонов көшесінің тұрғындарына

4

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Лобанов ауылдық округінің Лобаново ауылының Кенжетай Рамазанов көшесінің тұрғындарына

5

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Лобанов ауылдық округінің Лобаново ауылының Степная көшесінің тұрғындарына

1

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Лобанов ауылдық округінің Лобаново ауылының Ямная көшесінің тұрғындарына

1

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Лобанов ауылдық округінің Шалқар ауылының тұрғындарына

40

  Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық мәслихатының
2014 жылғы 31 наурыздағы
№ 5-23-10 шешімімен
бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Лобанов ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Лобанов ауылдық округінің ауылдарының және көшелерінің тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Лобанов ауылдық округінде ауылдардың және көшелердің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Лобанов ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Айыртау ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Лобанов ауылдық округі ауылдарында және көшелерінде бөлек жиынды өткізуді Лобанов ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Лобанов ауылдық округінің ауылдарынан және көшелерінен қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Лобанов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Лобанов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Лобанов ауылдық округі ауылдары және көшелері өкілдерінің кандидатураларын Айыртау аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Лобанов ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады