Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Константиновка және Украин ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықтау және таңдаушылармен кездесу үшін үй-жай ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 2 шілдедегі N 334 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 31 шілдеде N 2886 болып тіркелді.

     Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 11.09.2014 N 447 қаулысымен.
      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 46-тармақтарына сәйкес, «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1-қосымшаға сәйкес Айыртау аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Константиновка және Украин ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықталсын.
      2. 2-қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Константиновка және Украин ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттарға таңдаушылармен кездесу үшін үй-жайлар шарттық негізде ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің аппарат басшысы Құрманғазы Серікұлы Қайнетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 16 шілдеден бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.
 
 

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Айыртау ауданының әкімі
      КЕЛІСІЛДІ
      Айыртау аудандық
      Сайлау комиссиясының төрағасы

А. Тастеміров
 
 
Е.А. Мерғасымов


Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 334 қаулысына
1-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Константиновка және Украин ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын ОРЫНДАР
 

№ р/с

Ауылдық округтің атауы

Сайлау алдындағы үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар және конструкцияларының мекен-жайы

1.

Константиновка ауылдық округі

Константиновка ауылы – «Константиновка 2004» ЖШС-нің кеңсесі ғимаратының жанындағы қалқанда (келісім бойынша)

2.

Украин ауылдық округі

Кирилловка ауылы – сауда павильоны ғимаратының жанындағы қалқанда (келісім бойынша)



Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 334 қаулысына
2-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Константиновка және Украин ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың таңдаушыларымен кездесу үшін шарттық негіздеме ұсынылатын үй-жайлардың ТІЗІМІ
 

№ р/с

Ауылдық (селолық) округтің, елді-мекеннің атауы

Таңдаушылармен кездесу үшін үй-жай

1.

Володар

Саумалкөл ауылы, «Орталық-тандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның оқу залы, Ақан Сері көшесі № 31 үй


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады