Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 574 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қаңтарда N 3078 болып тіркелді.

      "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы əкімдігінің 11.03.2020 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қосымшаға сәйкес Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен мөлшерлері айқындалсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Айыртау ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Тастеміров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысының

      Ішкі істер департаменті

      Айыртау ауданының ішікі істер

      бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      А. Ідірісов

      2014 жыл 15 желтоқсан

  Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 574 қаулысымен бекітілген

Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы əкімдігінің 11.03.2020 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Қағидалар Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қорғауға қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін анықтайды.

      1. Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.

      2. Қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті Айыртау ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-СҚО ПД Айыртау ауданының ПБ) енгізеді.

      3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      4. Көтермелеу түрін, оның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отыра, Комиссия белгілейді.

      5. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшін Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес СҚО ПД Айыртау ауданының ПБ бастығының қосымша бұйрығы шығарылады.

      6. СҚО ПД Айыртау ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің 252 003 "Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу" бюджеттік бағдарламасымен жүргізеді.

      7. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға Айыртау ауданы әкімінің Құрмет грамотасын, Айыртау ауданы әкімінің Алғыс хаттарын, ақшалай сыйақы, бағалы сыйлықты беруді СҚО ПД Айыртау ауданының ПБ салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

  Айыртау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 574 қаулысына қосымша

Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен мөлшерлері

      1. Айыртау ауданы әкімінің Құрмет грамотасы.

      2. Айыртау ауданы әкімінің Алғыс хаты.

      3. 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі ақшалай сыйақы.

      4. Бағасы 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын құнды сыйлық.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады