Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 - бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3 - бабы 2 – тармағының 3) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің "Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы" 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 574 (2015 жылғы 9 ақпанда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3078 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қазақ тіліндегі қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қоса берілген Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары бекітілсін.";
Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Айыртау ауданының әкімі | Б. Исманов |
Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары
Осы Қағидалар Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қорғауға қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін анықтайды.
1. Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.
2. Қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті Айыртау ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-СҚО ПД Айыртау ауданының ПБ) енгізеді.
3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.
4. Көтермелеу түрін, оның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отыра, Комиссия белгілейді.
5. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшін Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес СҚО ПД Айыртау ауданының ПБ бастығының қосымша бұйрығы шығарылады.
6. СҚО ПД Айыртау ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің 252 003 "Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу" бюджеттік бағдарламасымен жүргізеді.
7. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға Айыртау ауданы әкімінің Құрмет грамотасын, Айыртау ауданы әкімінің Алғыс хаттарын, ақшалай сыйақы, бағалы сыйлықты беруді СҚО ПД Айыртау ауданының ПБ салтанатты жағдайда жүзеге асырады.