Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 қаңтардағы N 20-1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 ақпанда N 2572 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы мәслихатының 2014 жылғы 26 қарашадағы N 31-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы мәслихатының 26.11.2014 N 31-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы өзін-өзі басқару және жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
      2. "Ақжар ауданының жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 27 маусымдағы № 32-3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-4-125 2011 жылғы 18 шілдедегі тіркелген, және 2011 жылғы 6 тамызда "Дала дидары" газетінде жарияланған), "Ақжар ауданының жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" Ақжар аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 27 маусымдағы № 32-3 шешіміне толықтыру енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 8 тамыздағы № 5-3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1821 2012 жылғы 6 қыркүйектегі тіркелген және 2012 жылғы 15 қыркүйекте "Дала дидары" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
 
 

      Солтүстік Қазақстан облысының
      Ақжар аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы

Д. Кудъяров

      Солтүстік Қазақстан облысының
      Ақжар аудандық мәслихаттың
      хатшысы
      "КЕЛІСІЛДІ"

М. Жұмабаев

      Солтүстік Қазақстан облысының
      әкімі

С. Ескендіров


Солтүстік Қазақстан облысының
Ақжар аудандық мәслихаттың
2014 жылғы 29 қаңтардағы
№ 20-1 шешімімен
бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін анықтау және әлеуметтік көмек көрсету ретін анықтау, мөлшерін белгілеу Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқ ару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 2-3 тармағына сәйкес әзірленген және "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін анықтау және көлемдерін тағайындау, әлеуметтік көмек көрсету Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысы негізде және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін анықтау, мөлшерін белгілеу, әлеуметтік көмек көрсету тәртібін белгілейді.
 

1. Жалпы ережелер

      2. Берілген Қағидаларда қолданылатын негізгі терминдер, түсініктер:
      1) атаулы күндер – Қазақстан Республикасы тарихына ықпалын тигізген мәдени және рухани мағыналы, тарихи жалпы халықтық оқиға;
      2) арнайы комиссия – қиын өмір жағдайы келуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер, тұлғалар (отбасы) өтініштері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудан әкімі шешімімен құрылған комиссия;
      3) ең төменгі күн көріс деңгейі – Солтүстік Қазақстан облысының статистика органдарымен есептелген, ең төменгі тұтынушылық қоржыны құнының көлемі бойынша тең, бір адамға қажетті ең төменгі қаржылық табыс;
      4) мерекелік күндер – Қазақстан Республикасы ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына табысы – айына отбасының әр мүшесіне шаққанда отбасы табысына бүтіндей үлесі;
      6) қиын өмір жағдайыазаматтың өздігінен жеңе алмайтын, тіршілік әрекетін бұзатын шынайы жағдай;
      7) өкілетті орган – "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      8) өкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасы тұрғындарды әлеуметтік қорғау және зейнетақы мен жәрдемақы төлеу Министірлігінің Мемлекеттік орталығы";
      9) учаскелік комиссия әлеуметтік көмекке жүгінген, тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізіп қорытынды дайындауға арналған Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылған комиссия;
      10) шекті көлемі – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары көлемі.
      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы әкімдігі арқылы берілетін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
      4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
      5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелері, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі жергілікті өкілетті органдардың ұсынуы бойынша Қағидаларын 1-қосымшасына сәйкес белгіленген.
      6. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі бекітетін, ережелер негізінде учаскелік немесе арнайы комиссиялар өз әрекеттерін жүзеге асырады.
      7. Берілген Қағидалары Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таралады.
 

2. Әлеуметтік көмек көлемін тағайындау және әлеуметтік көмек алушылардың жекелеген санаттар тізімінің реті

      8. Жанбасына шаққанда орта табысы 1,5 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы аумағында тұратын табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан қиын өмір жағдайы туған азаматтарға әлеуметтік көмек, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан қиын өмір жағдайы туған күннен 6 ай ағымында бір жолғы 60 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін түпкілікті тізбе:
      1) жетімдік;
      2) ата-ана қамқорлығының болмауы;
      3) кәмелетке толмағандардың бақылаусыздығы, сонымен қатар девиантты мінез-құлық;
      4) туғаннан үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық дамуының мүмкіндіктерін шектеу;
      5) физикалық және ойлау қабілеті мүмкіншіліктерімен байланысты дене мүшелерінің функцияларының зақымдалуы;
      6) әлеуметтік маңызы бар аурулар мен қоршаған ортаға қауыпты аурулардың салдарынан тіршілік әрекеттерінің шектелуі;
      7) мүгедектіліктің, өткерген аурудың себептері мен қарт жаста болуы салдарынан өзіне-өзі қызмет етуге қабілетсіздік;
      8) әлеуметтік дезадаптация мен әлеуметтік депривацияға әкелген қатал әрекеттер;
      9) баспанасыздық (тұрғылықты мекен жайы жоқ адамдар);
      10) бас бостандығынан айыру орталықтарынан босатылу;
      11) пробация қызметінің қылмыстық-атқару инспекциясында тіркеуде тұру;
      12) өрт немесе стихиялық зала кесірінен азаматқа (отбасына) немесе оның мүлігіне зиян келтіру немесе әлеуметтік-мәнді аурудың болуы;
      13) жан басына шаққанда ең төменгі күн көріс деңгейі есесінен аспайтын болуы;
      14) Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы аумағында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасылардан, Солтүстік Қазақстан облысының жоғарғы оқу орындарында оқитын азаматтар;
      15) Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы аумағында тұратын Ұлы Отан Соғысының ардагерлері мен мүгедектері және ардагерлер мен мүгедектерге жеңілдіктер мен кепілдеме негізінде теңестірілгендер Қазақстан Республикасындағы шипажайлар мен профилакторияда шипажайлы-курорттық емделуге мұқтаж болу.
      Әлеуметтік көмек Қағидалардың 08 тармағының 14)-15) тармақшалары негізінде жыл сайын көрсетілу қарастырылған, ал Қағидалардың 08 тармағының 1)-13) тармақшалары негізінде жоғарыда аталған әлеуметтік көмек біржолғы көрсетілуі қарастырылған.
      Арнайы комиссия мұқтаж әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыны жасаған кезде жеке санаттарындағы азаматтарға қосуға арналған тізімі негізін басшылыққа алады.
      9. Жекелеп алынған санаттағы алымшыларға атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек көлемі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен келісілген біріңғай мөлшерде тағайындалады.
      10. Әр бөлек жағдайда әлеуметтік көмек көрсету мөлшерін арнайы комиссия тағайындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету туралы қорытындыда көрсетеді.
 

3. Әлеуметтік көмек көрсету реті

      11. Алушылардың өтініштерін сұратып алусыз өкілетті ұйымдардың ұсынып, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігі бекіткен тізім бойынша атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек көрсетіледі.
      12. Қиын өмір жағдайы болған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өз атынан немесе отбасы атынан өкілетті органға немесе селолық (ауылдық) округ әкіміне келесі құжаттардың қосымшасымен өтініш береді:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      3) осы Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
      13. Құжаттар көшірмеде және түпнұсқада салыстыру үшін беріледі, кейін түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
      14. Қиын өмір жағдайы келген кездегі әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш түскенде өкілетті орган немесе әкім бір жұмыс күні ішінде тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайын тексеруге учаскелік комиссияға өтініш берушінің құжаттарын жібереді.
      15. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тексеріс жасап, тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт құрады, соның нәтижесі бойынша берілген Қағидаларының 34-қосымшаларға сәйкес форма бойынша әлеуметтік көмекке тұлғаның (отбасының) мұқтаждығы туралы қорытынды жасайды және өкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жібереді.
      Ауылдық округ әкімі учаскелік комиссиядан акт пен қорытындыны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қосымша құжаттармен қоса өкілетті органға жібереді.
      16. Егер әлеуметтік көмек көрсетуге құжаттар жетіспеген жағдайда, өкілетті орган сәйкес органдардан әлеуметтік көмек көрсетуге қажетті құжаттар мен мәліметтерге сұраныс береді.
      17. Егер өтініш беруші қажетті құжаттардың бүліну, жоғалуына сәйкес ұсына алмаса, өкілетті орган сәйкес мәліметтері бар басқа ұйымдар мен өкілетті органдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек көрсетуге шешім қабылдайды.
      18. Өкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе селолық округ әкімінен құжаттардың түскен күнінен бастап, бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұлғаның (отбасының) жан басындағы табыс есебін жүргізеді және арнайы комиссия қарауына толық құжаттар пакетін ұсынады.
      19. Арнайы комиссия құжаттар түскен күннен бастап, екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету туралы тұжырымдама шығарады, жағымды тұжырымдама болған жағдайда әлеуметтік көмек көлемін көрсетеді.
      20. Өкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмекке құжаттарын тіркеу күнінен бастап, сегіз жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы арнайы комиссия тұжырымдамасы және қабылданған құжаттар негізінде әлеуметтік көмек көрсету немесе қайтару туралы шешім қабылдайды.
      Берілген Қағидаларының 16 және 17-тармағында көрсетілген жағдайларында, өкілетті орган ауылдық әкім немесе өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсетуге немесе қайтаруға шешім қабылдайды.
      21. Өкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылдаған шешім жайлы (қайтарған жағдайда –негізін көрсетумен) өтініш берушіге жазбаша хабарлайды.
      22. Бір күнтізбелік жыл ішінде тағайындау негіз бойынша бір әлеуметтік көмек көрсетілмейді.
      23. Әлеуметтік көмек көрсету қайтарылады егер:
      1) Өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дұрыс еместігін айқындау;
      2) Тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеріс жүргізуден өтініш беруші бұлтарса, бас тартса;
      3) Әлеуметтік көмек көрсетуге Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық маслихатымен белгілеген деңгейден тұлғаның (отбасының) жан басындағы табысы асса;
      24. Әлеуметтік көмек көрсету қаржылық шығындары ағымдағы қаржылық жылға аудан бюджеті қарастырылу шегінде жүзеге асырылады.
 

4. Ұсынылатын әлеуметтік көмекті қайтару және тоқтатуына негіздеме

      25. Әлеуметтік көмек:
      1) алушы қайтыс болған;
      2) алушы тиісті Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      26. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
 

5. Қорытынды ереже

      27. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
 


Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаттың әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына
1-қосымша

Атаулы күндер мен мереке күндеріне алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің бірыңғай мөлшері
 

р/с

 

Алушылар санаттары
 

Әлеуметтік көмек мөлшері (айлық есептік көрсеткіш), Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі
 

15 ақпан – Ауған аумағынан әскерді шығару күні
 

1
 

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жұрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер.
 

15
Жыл сайын
 

2
 

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер.
 

15
Жыл сайын
 

3
 

Басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттағы жұмысшылар мен қызметшiлер.
 

15
Жыл сайын
 

4
 

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруңа шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасы.
 

15
Жыл сайын
 

5
 

1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүрiп жатқан басқада мемлекеттерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер.
 

15
Жыл сайын
 

6
 

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Мемлекет қауiпсiздiгi комитетiнiң Ауғанстанда уақытша, болған және совет әскерлерiнiң шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерi.
 

15
Жыл сайын
 

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
 

7
 

"Алтын алқа", "Күміс алқа" салпыншақтары, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапаталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған көп балалы аналар.
 

5
Жыл сайын
 

26 сәуір - Чернобыль атом электро стансасындағы апатты еске алу күні
 

8
 

1986-1987 жылдары Чернобыль атом электро стансасындағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар.
 

15
Жыл сайын
 

9
 

Чернобыль атом электро стансасындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары.
 

15
Жыл сайын
 

10
 

Чернобыль атом электро стансасындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасы.
 

15
Жыл сайын
 

11
 

Чернобыль атом электро стансасындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың отбасы.
 

15
Жыл сайын
 

12
 

1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электро стансасындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда
 

15
Жыл сайын
 

9 мамыр - Жеңіс күні
 

13
 

Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектері.
 

50
Жыл сайын
 

14
 

Қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.
 

5
Жыл сайын
 

15
 

Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелеген қалаларда болған адамдар.
 

5
Жыл сайын
 

16
 

Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандар.
 

5
Жыл сайын
 

17
 

Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдар.
 

5
Жыл сайын
 

18
 

Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi.
 

5
Жыл сайын
 

19
 

Қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының
кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар.
 

5
Жыл сайын
 

20
 

Екiншi дүние жүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары.
 

5
Жыл сайын
 

21
 

Әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар
 

5
Жыл сайын
 

22
 

1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украин Кеңестік Социалистік Республикасы, Беларусь Кеңестік Социалистік Республикасы, Литва Кеңестік Социалистік Республикасы, Латыш Кеңестік Социалистік Республикасы, Эстон Кеңестік Социалистік Республикасы аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдiк батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет мiндетiн атқаруға кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар.
 

5
Жыл сайын
 

23
 

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы.
 

5
Жыл сайын
 

24
 

Қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi).
 

5
Жыл сайын
 

25
 

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар.
 

5
Жыл сайын
 

7 мамыр - Отанды қорғау күні
 

26
 

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасы.
 

5
Жыл сайын
 

27
 

Бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасы.
 

5
Жыл сайын
 

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
 

28
 

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы аумағында саяси құғын-сүргiннен тiкелей зардап шеккен және қазiргi кезде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар
 

15
Жыл сайын
 

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні
 

29
 

Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлер, облыстың, қаланың (ауданның) құрметті азаматтары.
 

10
Жыл сайын
 

   


Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаттың әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына
2-қосымша

      Отбасының тіркеу нөмірі _______________________
 

      Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
 

      _________________________ _________________________
      (өтініш берушінің аты-жөні) (үйінің мекен-жайы, тел.)
 
 

№ т/т
 

Отбасы мүшелерінің
аты-жөні
 

Өтініш берушіге туыстық қатынасы
 

Туған жылы
 





































   

       Өтініш берушінің қолы ____________________ Күні ______________
      Отбасы құрамы туралы
      мәліметтерді куәландыратын
      органы лауазымдық тұлғаның аты-жөні _____________________
 

       (қолы)
 


Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаттың әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына
3 қосымша

      Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ
 

      "___" ________ 20___ж.
      ______________________
      (елді мекен)
      1. Өтініш берушінің аты-жөні_____________________________________
      2. Тұрғылықты мекен-жайы ________________________________________
      _______________________________________________________________
      3. Әлеуметтік көмекке жүгінген өтініш берушінің қиын өмір жағдайының қайсысы келгенге байланысты _____________________________________ ____________________________________________________________________
      4. Отбасы құрамы (нақты отбасында тұратындар сандары) ________ адам, соның ішінде:
 
 

№ т/т
 

Аты-жөні
 

Туған жылы
 

Өтініш берушіге туыстық қатынасы
 

Жұмыс
басты-
лығы
(жұмыс орны, оқуы)
 

Жұмыс-сыздық себебі
 

Қоғамдық жұмыстарға, кәсіби дайындығына (қайта дайындау, біліктілі-
гін арттыру) немесе жұмыспен қамту шараларына белсенді қатысуы туралы мәліметтер
 

Қиын өмір жағдайы
 

   

      Барлық жұмыспен қамтылғандар _________ адам.
      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер _______ адам.
      Балалар саны: ______
      ақылы негізде жоғары және орта оқу мекемелерінде оқитындар _______ адам, жылғы оқу бағасы ________ теңге.
       Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Ұлы Отан соғысы мүгедектері, Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне және Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілеген, зейнеткерлер, 80 жастан асқан қарт тұлғалар, әлеуметтік мәнді аурумен ауыратындар (жаман жақты жаңа өсу, түберкүлез, адамның имундық тапшылығы), мүгедектер, мүгедек-балалардың болуы (басқа санатты көрсету немесе қосу) ________________________________________
      ________________________________________________________________
      5. Тұрмыс жағдайы (жатақхана, жалдамалы, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғындық кооператив, жеке тұрғын үй немесе басқасын көрсету): ____________________________________________________________________
      Тұрғын үйді ұстаудағы шығындар:
      ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
      Отбасы табысы:
 
 

№ т/т
 

Табысы бар отбасы мүшелерінің аты-жөні (с.б. өтініші берушінің)
 

Табыс түрі
 

Өткен тоқсандағы табыс сомасы
(теңге)
 

Жеке қосымша шаруашылықтың (аулалық учаске, мал мен құс), дача және жер уческелері дачном
и земельном участке (жер үлестері) туралы мағлұматтар
 

тоқсанға
 

орта есеппен айына
 

   

      6. Бар болуы:
      автокөлік (маркасы, шыққан жылы, құқығынрастайтын құжат, оны пайдаланудан өтінілген табыстар)
      ____________________________________________________________________
      ___________________________________________ басқа тұрғын үй, қазір тұрып жатқаннан басқа, (оны пайдаланудан өтінілген табыстар)
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (түрі, сомасы, қайнар көзі):
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________
      8. Отбасының басқа табыстары (түрі, сомасы, қайнар көзі):
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
      9. Балалардың мектеп құралдарымен, киіммен, аяқ киіммен қамтылуы:
       ____________________________________________________________________
      10. Тұратың санитарлы-эпидемиологиялық жағдайлары:
      ____________________________________________________________________
      Комиссия төрағасы:
       _________________________ _____________________
      Комиссия мүшелері:
       ________________________ ______________________
       ________________________ ______________________
       ________________________ ______________________
       ________________________ ______________________
      (қолдары) (аты-жөні)
       Құрылған актімен таныстым: ____________________________
      Өтініш берушінің аты-жөні және қолы
       Тексеріс жүргізуден бас тартамын _______________ өтініш берушінің аты-жөні және қолы (немесе отбасының басқа мүшесі), күні _____________________
       ____________________________________________________________________
      (өтініш берушінің тексеріс жүргізуден бас тарқан жағдайда толтырылады)
 


Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаттың әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына
4-қосымша

      № _________ учаскелік комиссия қорытындысы
 

      __ _________ 20__ ж.
      Учаскелік комиссия қиын өмір жағдайы келуіне байланысты әлеуметтік көмек сұрап жүгінген, тұлға (отбасы) құжаттарын және өтінішін қарап, жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтардың тізімін анықтау мен мөлшерін белгілеу, әлеуметтік көмек көрсету Қағидаларына сәйкес
      ___________________________________________________________________
      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
      өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелері мен ұсынған құжаттар негізінде қорытынды жасайды
      __________________________________________________________________
       (қажеттілігі, қажеттілігінің болмауы)
       Қиын өмір жағдайы келгеннен бастап тұлғаға (отбасына) әлеуметтік көмек көрсету
       Комиссия төрағасы:_________________ __________________________
      Комиссия мүшелері:_______________________ __________________________
      _______________________ __________________________
      _______________________ __________________________
      _______________________ __________________________
      (қолдары) (аты-жөні)
      Қоса берілген құжаттармен ____ дана
      қабылданды "__"____________ 20__ ж. ________________________________________ құжатты қабылдаған өкілетті органның немесе ауылдық округ әкімінің, жұмысшының қолы, лауазымы, аты-жөні
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады