Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Тахтаброд ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер мен ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы N 23-17 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 мамырда N 2754 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 7-6 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 04.09.2023 № 7-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 30.12.2021 № 14-29 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Үкіметінің қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Тахтаброд ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Тахтаброд ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын көше және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы


Ғабит Мүсірепов атындағы


ауданы мәслихатының


ХХІІІ сессиясының төрағасы

Н. Габдулов

Солтүстік Қазақстан облысы


Ғабит Мүсірепов атындағы


ауданы мәслихатының хатшысы

Б. Ысқақова


  1-қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  ауданы мәслихатының
  2014 жылғы 31 наурыздағы
  № 23-17 шешімімен
  бекітілді

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 30.12.2021 № 14-29 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылдық округі аумағындағы ауылдар мен көшелерінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің үлгі тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылдық округі аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылдық округінің әкімімен шақырылады және ұйымдастырылады.

      6. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Тахтаброд ауылдық округінің әкімі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауылдарының, көшелердің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, көшенің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдардың, көшелердің тұрғындарының өкілдерінің кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатымен бекітілген сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынның қатысушыларымен ұсынылады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы екі жұмыс күні ішінде қол қояды және қол қойылғаннан бастап бір жұмыс күні ішінде Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  аудан мәслихатының
  2021 жылғы 30 желтоқсандағы
  № 14-29 шешіміне
  2-қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  ауданы мәслихатының
  2014 жылғы 31 наурыздағы
  № 23-17 шешіміне
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Тахтаброд ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысу үшін көшелер мен ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 30.12.2021 № 14-29 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Ауылдар мен көшелер атауы

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Тахтаброд ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысу үшін көшелер мен ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Тахтаброд ауылы, Гагарин көшесінің тұрғындарына

3

2

Тахтаброд ауылы, Советская көшесінің тұрғындарына

3

3

Тахтаброд ауылы, Садовая көшесінің тұрғындарына

3

4

Тахтаброд ауылы, Куйбышева көшесінің тұрғындарына

3

5

Тахтаброд ауылы, Молодежная көшесінің тұрғындарына

2

6

Тахтаброд ауылы, Новоселов көшесінің тұрғындарына

3

7

Тахтаброд ауылы, Степная көшесінің тұрғындарына

2

8

Тахтаброд ауылы, Центральная 1 көшесінің тұрғындарына

1

9

Ковыльное ауылының тұрғындарына

3

10

Литвиновка ауылының тұрғындарына

3

11

Привольное ауылының тұрғындарына

1

12

Рухловка ауылының тұрғындарына

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады