Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында селолық округ әкімдеріне кандидаттардың таңдауышыларымен кездесулерін өткізу үшін үй-жайларды және үгіттік баспа материалдарын орналастыруға орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 маусымдағы N 189 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 1 шілдеде N 2843 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 3 қазандағы № 234 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 03.10.2017 № 234 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық Заңының 27 бабы 3 тармағына, 28-бабы 4, 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiнiң сайлауын өткiзудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 24 сәуiрдегi № 555 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiн қызметке сайлау, өкiлеттiгiн тоқтату және қызметтен босату қағидаларының 29 тармағына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында селолық округ әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындар Есіл аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесе 1 қосымшаға сәйкес анықталсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында селолық округ әкімдеріне барлық кандидаттарға таңдаушыларымен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар шарт негізінде 2 қосымшаға сәйкес берілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің аппарат басшысы Александр Юрьевич Кравчукке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 30 маусымнан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.

      Есіл ауданының әкімі М. Әбішев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Есіл аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы Қуанышпай Баяхметұлы Рахиев
      2014 жылғы 30 маусым

  Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 30 маусымдағы
№ 189 қаулысына
1 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында селолық округ әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындар

№ р/б

Селолық округтің атауы

Сайлау алдыңдағы үгіттің баспа үгіттік материалдарды орналастыру үшін құрылыстың орны мен мекен-жайы

1

Явленка

Ақпараттық щиттер: Явленка селосы, Ыбыраев көшесі, орталық алаң, трибуна ауданында

  Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 30 маусымдағы
№ 189 қаулысына
2 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында селолық округ әкімдеріне кандидаттардың таңдаушыларымен кездесулерін өткізу үшін үй-жайлар

№ р/б

Селолық округтің, елді мекеннің атауы

Таңдаушылармен кездесулер үшін үй-жайлар

1

Явленка

Явленка селосы: Мәдениет үйі, Ленин көшесі,1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады