Аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мамандары ауазымдарының тізімін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 10 тамыздағы N 186 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 02 қыркүйекте N 13-6-124 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 тамыздағы N 270 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 21.08.2014 N 270 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 2-тармағына, 238-бабы 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізімі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. «2008 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық)жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізімін белгілеу туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 19 наурыздағы № 35 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 29 сәуірдегі № 13-6-89 болып тіркелген, «Есіл таңы» газетінде 16.05.20008 жылғы № 20 (99), «Ишим» газетінде 16.05.20008 жылғы № 20 (8373) жарияланған), «2008 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық)жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізімін белгілеу туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 5 қыркүйектегі № 217 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 06 қазандағы № 13-6-101 болып тіркелген, «Есіл таңы» газетінде 31.10.20008 жылғы № 45 (124), «Ишим» газетінде 31.10.20008 жылғы № 46 (8399) жарияланған) қаулысымен енгізілген толықтырулармен, қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары  М.Т. Мұқашевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі                            В. Бубенко

      КЕЛІСІЛДІ:
      Есіл аудандық мәслихаттың
      кезектен тыс сессияссының                  Шоль
      төрағасы                                   Юрий Иванович
                                                 07.08.2009 жыл

      Есіл аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Шериязданов
                                               Бауыржан Рақымғалиұлы
                                               07.08.2009 жыл

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 10 тамыздағы
№ 186 қаулысына қосымша

Аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық)жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізімі

      1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
      1) үйде көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек бөлiмшесiнің меңгерушісі;
      2)әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультант;
      3) күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер;
      4) психолог.
      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) Қазыналық кәсіпорын мен мемлекеттік мекеменің жетекшісі және орынбасары (соның ішінде біріншісі), сонымен қоса мектепке дейінгі мекеме мен қазыналық кәсіпорынның жетекшісі мен орынбасары;
      2) мұғалім
      3) әлеуметтанушы;
      4) педагог-психолог;
      5) барлық атаудағы оқытушы;
      6) тәрбиеші;
      7) тәрбиешінің көмекшісі;
      8) музыкалық жетекші;
      9)қосымша білім беру педагогы;
      10) мәдени ұйымдастырушы;
      11) әдістемелік кабинеттің жетекшісі;
      12) әдіскер;
      13) өндірістік оқыту шебері;
      14) үйірме жетекшісі;
      15) медбике;
      16) емдәм бикесі;
      17) кітапханашы;
      18) аға вожатый;
      19) зертханашы;
      20) кітапхананың, интернаттың, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті;
      21) дәрігер;
      22) БӘД ұйымдастырушы оқытушы;
      23) жаттықтырушы;
      24)оқу бөлімінің хатшысы;
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) директор, жетекші, ұйым бастығы;
      2) бөлімше жетекшісі;
      3) директордың, жетекшілердің, бастықтың орынбасарлары;
      4) сектордың, бөлімнің, сақтау қорының меңгерушілері;
      5) сектор жетекшісі;
      6) суретші-көркемдеуші, суретші-реставратор, суретші-қоюшы;
      7) бейне-оператор; басқару пультинің операторы;
      8) әдебиетті өңдеу және тарату жөніндегі редактор;
      9) ансамбль, халық аспаптары ансамблінің жетекшісі;
      10) инспектор;
      11) режиссердiң ассистентi;
      12) үрлемелі оркестр жетекшісі;
      13) әдіскер, аға әдіскер, жетекші әдіскер;
      14) дыбыс режиссері;
      15) музыкалық жетекші;
      16) аккомпониатор;
      17) музыкашы;
      18) қоюшы режиссер;
      19) режиссер;
      20) әртіс;
      21) хореограф;
      22) дирижер;
      23) кітапханашы;
      24) үйірме жетекшісі;
      25) мәдени ұйымдастырушы;
      26) библиограф;
      27) нұсқаушы.
      4. Спорт мамандарының лауазымдары:
      1) жетекші, директор;
      2) директордың, оқу жөніндегі жетекшінің орынбасарлары;
      3) нұсқаушы, нұсқаушы-әдіскер;
      4) дәрігер;
      5) медициналық зертханашы;
      6) медбике;
      7) әдіскер;
      8) психолог;
      9) бас жаттықтырушы, жаттықтырушы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады