Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2015 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында тіркеуді және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Күшін жойғанСолтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімінің 2014 жылғы 13 қарашадағы N 50 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 желтоқсанда N 3010 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің 2015 жылғы 16 маусымдағы N 8.1.5-2/615 хаты)
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабына, "Әскери міндеттілер мен әскери шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасының тіркелу жылы он жеті жасқа толатын ер азаматтарын Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігі "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2015 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімнің басшылық ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз