Шығып қалғанның орнына Тимирязев аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттар сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықтау және үй-жай ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 29 қаңтардағы N 13 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 ақпанда N 2579 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі N 73 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігінің 03.04.2014 N 73 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 46-тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шығып қалғанның орнына Тимирязев аудандық мәслихаты депутаттығына барлық кандидаттар үшін Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар 1-қосымшаға сәйкес Тимирязев аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) анықталсын.
      2. Шығып қалғанның орнына Тимирязев аудандық мәслихаты депутаттығына барлық кандидаттарға Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жай шарттық негізде 2-қосымшаға сәйкес ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппарат басшысы А.С. Жүсіповқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 5 наурыздан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                                Е. Базарханов

      КЕЛІСІЛГЕН

      Қазақстан Республикасы
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Тимирязев аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы                     Ж. Мәкенова
      2014 жылғы 29 қаңтар

Аудан әкімдігінің
2014 жылғы 29 қаңтардағы
№ 13 қаулысына 1-қосымша

Шығып қалғанның орнына Тимирязев аудандық мәслихаты депутаттығына барлық кандидаттар үшін Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар


р/н

Ауылдық округ, елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Ақсуат ауылдық округі
Ақсуат ауылы

Ақсуат орта мектебі ғимаратының орталық кірерге жанайтын алаңда орналасқан стенд

2

Дзержинский ауылдық округі
Дзержинский ауылы

Мичурин орта мектебі ғимаратының орталық кірерге жанайтын алаңда орналасқан стенд

3

Мичуринский ауылдық округі
Мичурино ауылы

Дзержинский негізгі мектебі ғимаратының орталық кірерге жанайтын алаңда орналасқан стенд

Аудан әкімдігінің
2014 жылғы 29 қаңтардағы
№ 13 қаулысына 2-қосымша

Шығып қалғанның орнына Тимирязев аудандық мәслихаты депутаттығына барлық кандидаттарға Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде ұсынылған үй-жай


р/с

Ауылдық округ, елді мекеннің атауы

Сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жай

1

Ақсуат ауылдық округі
Ақсуат ауылы

Ақсуат орта мектебінің акт залы

2

Дзержинский ауылдық округі
Дзержинский ауылы

Дзержинский негізгі мектебінің фойесі

3

Мичуринский ауылдық округі
Мичурино ауылы

Мичурин орта мектебінің акт залы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады