Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 03.03.2022 № 10/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаевский ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаевский ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | |
ХХІV сессиясының төрағасы | А. Габова |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | С. Мұстафин |
Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы № 24/7 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаевский ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы | Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаевский ауылдық округінің ауылдары тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаевский ауылдық округі Северное ауылының тұрғындары үшін | 6 |
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаевский ауылдық округі Докучаев ауылының тұрғындары үшін | 60 |
Тимирязев аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы № 24/7 шешімімен бекітілген |
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаевский ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаевский ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаевский ауылдық округінің ауылдары тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаевский ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаевский ауылдық округінің әкімі шақырады.
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық "Көтерілген тың", "Нива" газеттері арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаевский ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаевский ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаевский ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаевский ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаевский ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаевский ауылдық округінің ауылдары тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаевский ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.