"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тұратын балалардың тамақтану шығынын өтеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2014 жылғы 3 сәуірдегі N 74 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 сәуірде N 2707 болып тіркелді

     Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 05.09.2014 N 293 қаулысымен
      Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 8-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» № 320 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру Қағидаларының 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тұратын балалардың тамақтану шығыны жергілікті бюджет қаражаты есебінен толық өтелсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Тимирязев ауданы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Ж.Е. Мәкеноваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 сәуірден туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы
А. Ысқақов
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады