Тимирязев ауданы бойынша 2014 жылға субсидия алушылар тізіміне қосуға өтінімдер ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрі бойынша егіс жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 22 мамырдағы N 180 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 мамырда N 2812 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 шілдедегі N 256 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 23.07.2014 256 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекiтiлген, Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша субсидия алушылар тізіміне қосуға өтінімдер ұсыну мерзімдері және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрі бойынша егіс жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары А.Т. Ысқақовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 5 мамырдан туындаған құқық қатынастарына таратылады.

      Аудан әкімі                                Е. Базарханов

Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 22 мамырдағы
№ 180 қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша 2014 жылға субсидия алушылар тізіміне қосуға өтінімдер ұсыну мерзімдері және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрі бойынша егіс жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімдері

Егіншілік
зонасы,
топырақты-
егіншілік
ауданы

Дақылдардың атауы

Субсидия алушылар тізіміне қосуға өтінімдер ұсыну мерзімдері

Егіс жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімдері

ІІ-тегіс далалық, шақпақты далалық

Жаздық жұмсақ бидай, орташа ерте пісетін сорттар

28 мамырға дейін

28 мамырдан 5 маусымға дейін

Жаздық жұмсақ бидай, орташа пісетін сорттар

20 мамырға дейін

20 мамырдан 30 мамырға дейін

Жаздық жұмсақ бидай, орташа кештеу пісетін сорттар

18 мамырға дейін

18 мамырдан 25 мамырға дейін

Жаздық қатты бидай

20 мамырға дейін

20 мамырдан 25 мамырға дейін

Арпа – ерте пісетін сорттар

30 мамырға дейін

30 мамырдан 5 маусымға дейін

Арпа - орташа пісетін сорттар

25 мамырға дейін

25 мамырдан 3 маусымға дейын

Сұлы

25 мамырға дейін

25 мамырдан 30 мамырға дейін

Қарақұмық

20 мамырға дейін

20 мамырдан 27 мамырға дейін

Тары

25 мамырға дейін

25 мамырдан 30 мамырға дейін

Нут

13 мамырға дейін

13 мамырдан 18 мамырға дейін

Бұршақ

20 мамырға дейін

20 мамырдан 27 мамырға дейін

Соя

22 мамырға дейін

22 мамырдан 28 мамырға дейін

Жасымық

23 мамырға дейін

23 мамырдан 30 мамырға дейін

Рапс (дәстүрлі айдалған жер бойынша себу)

12 мамырға дейін

12 мамырдан 20 мамырға дейін

Рапс (минималды және нөлдік айдалған жер бойынша себу)

20 мамырға дейін

20 мамырдан 28 мамырға дейін

Зығыр, қыша

18 мамырға дейін

18 мамырдан 25 мамырға дейін

Майлы тұқымдарға арналған күнбағыс

15 мамырға дейін

15 мамырдан 20 мамырға дейін

Рыжик

20 мамырға дейін

20 мамырдан 26 мамырға дейін

Картоп

15 мамырға дейін

15 мамырдан 30 мамырға дейін

Силосқа арналған жүгері

16 мамырға дейін

16 мамырдан 20 мамырға дейін

Сәбіз

10 мамырға дейін

10 мамырдан 20 мамырға дейін

Пияз (тұқымдар)

10 мамырға дейін

10 мамырдан 20 мамырға дейін

Қызылша

25 мамырға дейін

25 мамырдан 5 маусымға дейін

Қияр

16 мамырға дейін

16 мамырдан 5 маусымға дейін

Орамжапырақ көшеттері

25 мамырға дейін

25 мамырдан 12 маусымға дейін

Қызанақ көшеттері

28 мамырға дейін

28 мамырдан 12 маусымға дейін

Астық дақылы технологиясы бойынша силосқа арналған жүгері

16 мамырға дейін

16 мамырдан 20 мамырға дейін


Силосқа арналған күнбағыс

18 мамырға дейін

18 мамырдан 24 мамырға дейін

Жасыл азыққа арналған бір жылдық шөптер (сұлы, бұршақ, бұршақ + сұлы + арпа), шөп (судан шөбі, тары, могар, сұлы + вика) және сенаж (сұлы + арпа + бұршақ, сұлы + бұршақ, тары + бұршақ)

5 маусымға дейін

5 маусымнан 10 маусымға дейін

Жасыл конвейер: (бір жылдық шөптер)



I мерзім (бұршақ + сұлы)

8 мамырға дейін

8 мамырдан 10 мамырға дейін

II мерзім (сұлы + арпа + бұршақ + бидай, судан шөбі + бұршақ, тары + бұршақ)

23 мамырға дейін

23 мамырдан 25 мамырға дейін

III мерзім (бұршак + сұлы + арпа, судан шөбі + бұршақ, сұлы + бұршақ)

8 маусымға дейін

8 маусымнан 10 маусымға дейін

IV мерзімі (рапс, сұлы)

8 шілдеге дейін

8 шілдеден 10 шілдеге дейін

Көп жылдық шөптер:

I мерзім

Жоңышқа

Донник

Эспарцет

Козлятник

Кострец

Бидайық

5 мамырға дейін

5 мамырдан 15 мамырға дейін

Көп жылдық шөптер:

II мерзім

Жоңышқа

Донник

Эспарцет

Козлятник

Кострец

Бидайық

5 шілдеге дейін

5 шілдеден 20 шілдеге дейін

Қыстық қарабидай

(жасыл азыққа арналған)

10 тамызға дейін

10 тамыздан 15 тамызға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады