"Тимирязев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 05 ақпандағы № 23/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 30/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 қазанда N 2962 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 2015 жылғы 29 мамырдағы N 37/1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 29.05.2015 N 37/1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабының 1-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Тимирязев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 05 ақпандағы № 23/2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 21 ақпанда № 2564 тіркелген, 2014 жылғы 01 наурызда "Көтерілген тың" аудандық газетінде жарияланған, 2014 жылғы 01 наурызда "Нива" аудандық газетінде жарияланған), мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Тимирязев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының көрсетілген шешімінің 1, 2-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
ХХХ сессиясының төрағасы
А. Мусин
      Аудандық мәслихат
хатшысының м.а
С. Жүкеев
      КЕЛІСІЛДІ
Солтүстік Қазақстан облысының
әкімі
Е. Сұлтанов

  Тимирязев аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 30/3 шешіміне 1-қосымша
  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1-қосымша

Әлеуметтік көмек көрсетудің атаулы күндерінің, мереке күндерінің, алушылар санаттарының тізбесі, сондай-ақ еселігі және мөлшері

№ р/р
Әлеуметтік көмектің атаулы күндерінің, мереке күндерінің және алушылар санаттарының атауы
Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі және мөлшері
1
2
3
15 ақпан – "Ауғанстан аумағынан әскерді шығару күні"
1
Кеңестік Армияның, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметкерлері, бұрынғы КСР Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттер аумағында жауынгерлік әрекеттерге қатысқан бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басшы құрамдарына кірген тұлғалар (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса айтқанда); жауынгерлік әрекеттер жүргізілген тұста оқу жиындарына шақырылып, Ауғанстанға жіберілген әскери міндетті тұлғалар; жауынгерлік әрекеттер жүргізілген тұста Ауғанстанға жүк жеткізу үшін сол елге жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметкерлері; бұрынғы КСР Одағының аумағынан әскери тапсырмалармен Ауғанстанға ұшқан ұшқыштар құрамының әскери қызметкерлері; Ауғанстандағы кеңестік жауынгерлер құрамына қызмет көрсеткен, жарақат, жарымжандық, зақым алған немесе жауынгерлік әрекеттерді қамтамасыз етуге ат салысқаны үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшілер.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш
2
Бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, басқа уақыттардағы өзге де әскери міндеттерін атқару барысында немесе майданда болуына байланысты ауыруы нәтижесінде, сондай-ақ жауынгерлік әрекеттер жүргізілген Ауғанстан немесе басқа да мемлекеттердегі
әскери қызметін өтеу кезінде алынған жарақат, жарымжандық, зақым нәтижесінде мүгедектікке душар болған әскери қызметшілер.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
3
Өзге елдерде әрекеттегі армияның жауынгерлер құрамына қызмет еткен және жауынгерлік әрекеттер кезеңінде жарақат, жарымжандық, зақым немесе ауру нәтижесінде мүгедектікке душар болған тиісті санаттың жұмысшылары мен қызметшілері.
 
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
4
Ауғанстандағы жауынгерлік әрекеттер кезінде немесе жауынгерлік әрекеттер орын алған өзге мемлекеттерде жарақат алу, жарымжандық, зақым, ауру нәтижесінде қаза тапқан (із-түзсіз жоғалған) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
5
1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және жауынгерлік әрекеттер жүргізілген басқа да елдерге жұмыс істеу үшін барған жұмысшылар мен қызметшілер.
 
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
6
Ауғанстан аумағында уақытша болған және совет әскерлерінің шектелген контингенті құрамына енбеген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік Комитетінің жұмысшылары мен қызметшілері.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш
8 наурыз – "Халықаралық әйелдер күні"
1
"Алтын алқамен", "Күміс алқамен", I және II дәрежелі "Ана Даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған көп балалы аналар.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
26 сәуір – "Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу күні"
1
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС және басқа да азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы радиациялық апаттар мен қатерлі жағдайлар салдарын жоюға, сондай-ақ ядролық қаруды сынақтан өткізу мен оқуларға тікелей қатысқан тұлғалар.
 
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
2
Чернобыль АЭС апаты және азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы басқа да радиациялық апаттар мен қатерлі жағдайлардың, ядролық қаруды сынақтан өткізу салдарынан мүгедек болған тұлғалар, және ата-анасының біреуінің радиациялық сәуле алуына байланысты мүгедектігі генетикалық тұрғыда болған олардың балалары.
 
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
3
Чернобыль АЭС және азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы басқа да радиациялық апаттар мен қатерлі жағдайлар салдарын жою кезінде қазаға ұшыраған тұлғалардың отбасылары.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
4
Сәуле ауруы салдарынан қайтыс болған тұлғалардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қазасы белгіленген тәртіпте Чернобыль АЭС немесе азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы басқа да радиациялық апаттар мен қатерлі жағдайлардың, ядролық қаруды сынақтан өткізудің әсерімен байланысты азаматтардың отбасылары.
 
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
 
5
1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС апаты салдарын жоюға қатысушылар қатарындағы оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына эвакуацияланған (өздігінен кеткен) тұлғалар, эвакуацияланған күні құрсақта жатқан балаларын қоса айтқанда.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
7 мамыр – "Отан қорғаушылар күні"
1
Бұрынғы КСР Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасылары.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
2
Бейбіт уақытта әскери қызметін өтеу кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметкерлердің отбасылары.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
9 мамыр – "Жеңіс күні"
1
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.
Жылына 1 рет – 50 айлық есептік
көрсеткіш
(2015 жылғы
9 мамырды қоспағанда)
2
Әскери қызметкерлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамында болған, Ұлы Отан соғысы кезінде қалаларда қызмет етіп, оларды қорғауға қатысқаны 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекеттегі армия бөлімшелерінің әскери қызметкерлері үшін белгіленген жеңілдетілген жағдайларда зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарға есептелген тұлғалар.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
3
Кеңестік Армия, Әскери-Теңіз флоты, жасақтар және КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының ерікті жалдамалы құрамдарына кірген, Ұлы Отан соғысы кезінде әрекеттегі армияның құрамындағы әскери бөлімшелерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымы болған тұлғалар, немесе осы кезеңде қалаларда қызмет етіп, оларды қорғауға қатысқаны 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекеттегі армия бөлімшелерінің әскери қызметкерлері үшін белгіленген жеңілдетілген жағдайларда зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарға есептелген тұлғалар.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
4
Ұлы Отан соғысы кезінде полк баласы (тәрбиеленушісі) және юнгалар ретінде әрекеттегі армия мен флот құрамындағы бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында болған тұлғалар.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
5
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдер аумақтарында партизан отрядтары, астыртын топтар және өзге де фашизмге қарсы құрамалар құрамында фашистік Германияға және оның одақтастарына қарсы жауынгерлік әрекеттерге қатысқан тұлғалар.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
6
Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың жедел іс-қимыл жасау аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бастапқы кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелері.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
7
Блокада кезінде Ленинград қаласындағы кәсіпорындарда, қала мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтар.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
8
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер және олардың одақтастары құрған концлагерьлер, гетто және басқа да ықтиярсыз ұстау орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
9
Қызмет бабындағы міндеттерін өтеу барысында жарақат, жарымжандық, зақым алу немесе майданда болуына немесе жауынгерлік әрекеттер жүргізілген мемлекеттерде қызмет бабындағы міндеттерін атқаруына байланысты ауыруы нәтижесінде мүгедектікке душар болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдары мен ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамдары құрамындағы тұлғалар.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
10
1944 жылғы 1 қаңтардан 1951 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Украина КСР-і, Белорус КСР-і, Литва КСР-і, Латвия КСР-і, Эстония КСР-і аумақтарында әрекет еткен жойғыш батальондар, взводтар мен халықты қорғау отрядтарының жауынгерлері мен командалық құрамдарында болған және осы батальондарда, взводтар мен отрядтарда қызмет бабындағы міндеттерін өтеу кезінде жарақат, жарымжандық немесе зақым алу салдарынан мүгедектікке душар болған тұлғалар.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
11
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
12
Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің зайыптары (жұбайлары), сонымен қатар жалпы ауруы, еңбек жарақаты және басқа да себептер нәтижесінде (құқыққа қайшы себептерді қоспағанда) мүгедек деп танылған қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын жұмыс істеушілердің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтардың екінші қайтара некеге тұрмаған зайыптары (жұбайлары).
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
13
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы ерен еңбегі мен мүлтіксіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғалар.
Жылына 1 рет –
5 айлық есептік
көрсеткіш
(2015 жылғы
9 мамырды қоспағанда)
2015 жылғы 9 мамыр – Жеңіс күні
1
Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектері.
Жылына 1 рет –
100 айлық есептік
көрсеткіш
2
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы ерен еңбегі мен мүлтіксіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғалар.
Жылына 1 рет –
25 айлық есептік
көрсеткіш
31 мамыр – "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні"
1
Бұрынғы КСР Одағының аумағында саяси қуғын-сүргінге тікелей ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын тұлғалар.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
2
Қазақстан Республикасының қазiргi аумағында өздерiне қуғын-сүргiндер қолданылғанға дейiн тұрақты өмiр сүрген адамдар мына төмендегi жағдайларда танылады:
а) бұрынғы КСР Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргiндердi кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
б) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде (жай адамдар мен әскери қызметшiлердi) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
в) Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшiн шақырылғаннан кейiн қуғын-сүргiндердiң қолдануы;
г) қуғын-сүргiндердi орталық одақтық органдар: КСРО Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, СКРО Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, КСРО Iшкi iстер халық комиссариаты - Мемлекет Қауiпсiздiгi министрлiгi - Iшкi iстер министрлiгi жанындағы айрықша кеңестiң, КСРО Прокуратурасы мен КСРО iшкi iстер халық комиссариатының Тергеу Iстерi жөнiндегi комиссиясының және басқа органдар шешiмдерi бойынша қолдануы;
д) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағқаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
3
КСР Одағы мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар танылады
Жылына 1 рет –
15 айлық есептік
көрсеткіш
4
Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы ңоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары танылады
Жылына 1 рет –
3 айлық есептік
көрсеткіш
30 тамыз – "Қазақстан Республикасының Конституциясы күні"
 
1
Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесіне ие зейнеткерлер, ауданның құрметті азаматтары.
Жылына 1 рет – 10 айлық есептік
көрсеткіш

  Тимирязев аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 30/3 шешіміне 2-қосымша
  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 2-қосымша

Алушылар санаттарының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті көлемі, оның еселігі, табиғи зіл-зала немесе өрт салдарынан өмірдің қиын жағдайлары туындаған жағдайда әлеуметтік көмекке өтініш беру мерзімдері


п/п
Табиғи зіл-зала немесе өрт салдарынан өмірдің қиын жағдайлары туындаған жағдайда әлеуметтік көмек алушылар санаттар
Табиғи зіл-зала немесе өрт салдарынан өмірдің қиын жағдайлары туындаған жағдайда әлеуметтік көмек берудің шекті мөлшерлері
Табиғи зіл-зала немесе өрт салдарынан өмірдің қиын жағдайлары туындаған жағдайда әлеуметтік көмек беруге өтініш білдіру мерзімдер
1.
Туберкулездың ауыр түрімен ауыратындар
5 минималды
есептік көрсеткіш,
тоқсан сайын, емхана мекемесі растайтын анықтама негізінде
Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей
2
Жетімдер
5 минималды
есептік көрсеткіш,
бір жолғы
Өмірлік қиын жағдай
туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей
3
Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған адамдар
5 минималды
есептік көрсеткіш,
бір жолғы
Өмірлік қиын жағдай
туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей
4
Қараусыз кәмелетке толмағандар, соның ішінде девиантты құлықтылары
5 минималды
есептік көрсеткіш,
бір жолғы
Өмірлік қиын жағдай
туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей
5
Туғаннан үш жасқа дейінгі ерте психоденелік дамуынан мүмкіндіктері шектеулі балалар
5 минималды
есептік көрсеткіш,
бір жолғы
Өмірлік қиын жағдай
туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей
6
Дене және (немесе) ақыл-ес мүмкіндіктеріне қарай ағза қызметінің тұрақты бұзушылықтары бар адамдар
5 минималды
есептік көрсеткіш,
бір жолғы
Өмірлік қиын жағдай
туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей
7
Айналадағыларға қауіп төндіретін, әлеуметтік маңызды аурулар және аурулар салдарынан өмірлік іс-әрекеті шектелген адамдар
5 минималды
есептік көрсеткіш,
бір жолғы
Өмірлік қиын жағдай
туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей
8
Шалдыққан ауруының және (немесе) мүгедектігінің салдарынан, қартаюына байланысты өзін- өзі күтуге қабілетсіз адамдар
5 минималды
есептік көрсеткіш,
бір жолғы
Өмірлік қиын жағдай
туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей
9
Әлеуметтік бейімсіздікке және депривацияға әкеп соққан қатыгез қатынасқа ұшыраған адамдар
5 минималды
есептік көрсеткіш,
бір жолғы
Өмірлік қиын жағдай
туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей
10
Баспанасыздар (белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдар)
5 минималды
есептік көрсеткіш,
бір жолғы
Өмірлік қиын жағдай
туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей
11
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар
5 минималды
есептік көрсеткіш,
бір жолғы
Өмірлік қиын жағдай
туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей
12
Қылмыстық-атқару инспекциясы сынақ қызметінің тіркеуіндегі адамдар
5 минималды
есептік көрсеткіш,
бір жолғы
Өмірлік қиын жағдай
туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей
13
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтар
50 минималды
есептік көрсеткішке дейін,
бір жолғы
Өмірлік қиын жағдай
туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады