Тимирязев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 ақпандағы N 23/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 ақпанда N 2564 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 2015 жылғы 29 мамырдағы N 37/1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 29.05.2015 N 37/1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына сәйкес, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысын басшылыққа ала отырып, Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Тимирязев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      Аудандық мәслихаттың
ХХІIІ сессиясының төрағасы
С. Мұстафин
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
С. Мұстафин
      КЕЛІСІЛДІ
Солтүстік Қазақстан облысының
әкімі
С. Ескендіров

  Тимирязев аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 05 ақпандағы № 23/2 шешімімен бекітілген

Тимирязев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жеке санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      7) уәкілетті орган – "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      8) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Тимирязев ауданы әкімінің немесе ауылдық округ әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
      3. Осы Қағидалар Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға қатысты.
      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде, "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігімен берілетін, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
      5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
      6. Әлеуметтік көмек көрсетудің атаулы күндерінің, мереке күндерінің, алушылар санаттарының тізбесі, сондай-ақ еселігі және мөлшері Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
      7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Солтүстік Қазақстан әкімдігімен бекітілген ережелер негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      8. Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, оның еселігі, табиғи зіл-заланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес бекітіледі.
      Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
      жетімдік;
      ата-ананың қамқорлығының болмауы;
      кәмелетке толмағандардың қараусыздығы, оның ішінде девиантты құлықтылар;
      туғаннан үш жасқа дейінгі балалардың ерте психоденелік дамуынан мүмкіндіктерінің шектелуі;
      дене және (немесе) ақыл-ес мүмкіндіктеріне қарай ағза қызметінің тұрақты бұзушылықтары;
      айналадағыларға қауіп төндіретін, әлеуметтік маңызды аурулар және аурулар салдарынан өмірлік іс-әрекетінің шектелуі;
      шалдыққан ауруының және (немесе) мүгедектігінің салдарынан, қартаюына байланысты өзіне өзі күтуге қабілетсіздігі;
      әлеуметтік бейімсіздікке және депривацияға әкеп соққан қатыгез қатынас;
      баспанасыздық (белгілі тұрғылықты жері жоқ тұлғалар);
      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы;
      қылмыстық-атқару инспекциясы сынақ қызметінің тіркеуінде болуы;
      табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келтiру;
      күнкөрістің ең төмен деңгейінің бір еселік мөлшерінің шамасынан төмен адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысының болуы;
      Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерінің тіс протездеуге мұқтаждығы (бағалы металлдар мен металлокерамикадан, металлоакриллден жасалған протездерден басқа) кірісті есептемегенде, 2 жылда бір реттен артық емес;
      Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерінің Қазақстан Республикасының санаторийлерінде және профилакторийлерінде санаторлық–курорттық емделуге мұқтаждығы кірісті есептемегенде, жылына бір рет;
      Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерінің коммуналдық қызметтерді төлеуге және отынды сатып алуға кірісті есептемегенде, ай сайынғы екі айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде өтемақыға мұқтаждығы негіздеме болып табылады.
      Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 23.12.2014 № 32/4 шешімімен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
      9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігімен бекітілген тізім бойынша көрсетіледі.
      11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынады:
      жеке басын куәландыратын құжатты;
      тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
      адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
      өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
      12. Құжаттар салыстырып-тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
      14. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне жібереді.
      Ауылдық округтің әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
      15. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарауға қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
      16. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      17. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      18. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
      19. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Осы Қағидалардың 15 және 16-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      20. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      21. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
      22. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
      өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
      әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      23. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асыралады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      24. Әлеуметтік көмек:
      алушы қайтыс болған;
      алушы Тимирязев ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
      алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
      алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      25. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      26. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Тимирязев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1-қосымша

Әлеуметтік көмек көрсетудің атаулы күндерінің, мереке күндерінің, алушылар санаттарының тізбесі, сондай-ақ еселігі және мөлшері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 18.09.2014 № 30/3 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№ р/р
Әлеуметтік көмектің атаулы күндерінің, мереке күндерінің және алушылар санаттарының атауы
Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі және мөлшері
1
2
3
15 ақпан – "Ауғанстан аумағынан әскерді шығару күні"
1
Кеңестік Армияның, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметкерлері, бұрынғы КСР Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттер аумағында жауынгерлік әрекеттерге қатысқан бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басшы құрамдарына кірген тұлғалар (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса айтқанда); жауынгерлік әрекеттер жүргізілген тұста оқу жиындарына шақырылып, Ауғанстанға жіберілген әскери міндетті тұлғалар; жауынгерлік әрекеттер жүргізілген тұста Ауғанстанға жүк жеткізу үшін сол елге жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметкерлері; бұрынғы КСР Одағының аумағынан әскери тапсырмалармен Ауғанстанға ұшқан ұшқыштар құрамының әскери қызметкерлері; Ауғанстандағы кеңестік жауынгерлер құрамына қызмет көрсеткен, жарақат, жарымжандық, зақым алған немесе жауынгерлік әрекеттерді қамтамасыз етуге ат салысқаны үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшілер.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш
2
Бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, басқа уақыттардағы өзге де әскери міндеттерін атқару барысында немесе майданда болуына байланысты ауыруы нәтижесінде, сондай-ақ жауынгерлік әрекеттер жүргізілген Ауғанстан немесе басқа да мемлекеттердегі
әскери қызметін өтеу кезінде алынған жарақат, жарымжандық, зақым нәтижесінде мүгедектікке душар болған әскери қызметшілер.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
3
Өзге елдерде әрекеттегі армияның жауынгерлер құрамына қызмет еткен және жауынгерлік әрекеттер кезеңінде жарақат, жарымжандық, зақым немесе ауру нәтижесінде мүгедектікке душар болған тиісті санаттың жұмысшылары мен қызметшілері.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
4
Ауғанстандағы жауынгерлік әрекеттер кезінде немесе жауынгерлік әрекеттер орын алған өзге мемлекеттерде жарақат алу, жарымжандық, зақым, ауру нәтижесінде қаза тапқан (із-түзсіз жоғалған) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
5
1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және жауынгерлік әрекеттер жүргізілген басқа да елдерге жұмыс істеу үшін барған жұмысшылар мен қызметшілер.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
6
Ауғанстан аумағында уақытша болған және совет әскерлерінің шектелген контингенті құрамына енбеген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік Комитетінің жұмысшылары мен қызметшілері.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш
8 наурыз – "Халықаралық әйелдер күні"
1
"Алтын алқамен", "Күміс алқамен", I және II дәрежелі "Ана Даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған көп балалы аналар.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
26 сәуір – "Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу күні"
1
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС және басқа да азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы радиациялық апаттар мен қатерлі жағдайлар салдарын жоюға, сондай-ақ ядролық қаруды сынақтан өткізу мен оқуларға тікелей қатысқан тұлғалар.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
2
Чернобыль АЭС апаты және азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы басқа да радиациялық апаттар мен қатерлі жағдайлардың, ядролық қаруды сынақтан өткізу салдарынан мүгедек болған тұлғалар, және ата-анасының біреуінің радиациялық сәуле алуына байланысты мүгедектігі генетикалық тұрғыда болған олардың балалары.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
3
Чернобыль АЭС және азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы басқа да радиациялық апаттар мен қатерлі жағдайлар салдарын жою кезінде қазаға ұшыраған тұлғалардың отбасылары.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
4
Сәуле ауруы салдарынан қайтыс болған тұлғалардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қазасы белгіленген тәртіпте Чернобыль АЭС немесе азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы басқа да радиациялық апаттар мен қатерлі жағдайлардың, ядролық қаруды сынақтан өткізудің әсерімен байланысты азаматтардың отбасылары.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
 
5
1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС апаты салдарын жоюға қатысушылар қатарындағы оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына эвакуацияланған (өздігінен кеткен) тұлғалар, эвакуацияланған күні құрсақта жатқан балаларын қоса айтқанда.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
7 мамыр – "Отан қорғаушылар күні"
1
Бұрынғы КСР Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасылары.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
2
Бейбіт уақытта әскери қызметін өтеу кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметкерлердің отбасылары.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
9 мамыр – "Жеңіс күні"
1
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.
Жылына 1 рет – 50 айлық есептік
көрсеткіш
(2015 жылғы
9 мамырды қоспағанда)
2
Әскери қызметкерлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамында болған, Ұлы Отан соғысы кезінде қалаларда қызмет етіп, оларды қорғауға қатысқаны 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекеттегі армия бөлімшелерінің әскери қызметкерлері үшін белгіленген жеңілдетілген жағдайларда зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарға есептелген тұлғалар.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
3
Кеңестік Армия, Әскери-Теңіз флоты, жасақтар және КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының ерікті жалдамалы құрамдарына кірген, Ұлы Отан соғысы кезінде әрекеттегі армияның құрамындағы әскери бөлімшелерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымы болған тұлғалар, немесе осы кезеңде қалаларда қызмет етіп, оларды қорғауға қатысқаны 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекеттегі армия бөлімшелерінің әскери қызметкерлері үшін белгіленген жеңілдетілген жағдайларда зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарға есептелген тұлғалар.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
4
Ұлы Отан соғысы кезінде полк баласы (тәрбиеленушісі) және юнгалар ретінде әрекеттегі армия мен флот құрамындағы бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында болған тұлғалар.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
5
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдер аумақтарында партизан отрядтары, астыртын топтар және өзге де фашизмге қарсы құрамалар құрамында фашистік Германияға және оның одақтастарына қарсы жауынгерлік әрекеттерге қатысқан тұлғалар.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
6
Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың жедел іс-қимыл жасау аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бастапқы кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелері.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
7
Блокада кезінде Ленинград қаласындағы кәсіпорындарда, қала мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтар.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
8
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер және олардың одақтастары құрған концлагерьлер, гетто және басқа да ықтиярсыз ұстау орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
9
Қызмет бабындағы міндеттерін өтеу барысында жарақат, жарымжандық, зақым алу немесе майданда болуына немесе жауынгерлік әрекеттер жүргізілген мемлекеттерде қызмет бабындағы міндеттерін атқаруына байланысты ауыруы нәтижесінде мүгедектікке душар болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдары мен ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамдары құрамындағы тұлғалар.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
10
1944 жылғы 1 қаңтардан 1951 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Украина КСР-і, Белорус КСР-і, Литва КСР-і, Латвия КСР-і, Эстония КСР-і аумақтарында әрекет еткен жойғыш батальондар, взводтар мен халықты қорғау отрядтарының жауынгерлері мен командалық құрамдарында болған және осы батальондарда, взводтар мен отрядтарда қызмет бабындағы міндеттерін өтеу кезінде жарақат, жарымжандық немесе зақым алу салдарынан мүгедектікке душар болған тұлғалар.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
11
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
12
Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің зайыптары (жұбайлары), сонымен қатар жалпы ауруы, еңбек жарақаты және басқа да себептер нәтижесінде (құқыққа қайшы себептерді қоспағанда) мүгедек деп танылған қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын жұмыс істеушілердің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтардың екінші қайтара некеге тұрмаған зайыптары (жұбайлары).
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
13
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы ерен еңбегі мен мүлтіксіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғалар.
Жылына 1 рет –
5 айлық есептік
көрсеткіш
(2015 жылғы
9 мамырды қоспағанда)
2015 жылғы 9 мамыр – Жеңіс күні
1
Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектері.
Жылына 1 рет –
100 айлық есептік
көрсеткіш
2
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы ерен еңбегі мен мүлтіксіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғалар.
Жылына 1 рет –
25 айлық есептік
көрсеткіш
31 мамыр – "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні"
1
Бұрынғы КСР Одағының аумағында саяси қуғын-сүргінге тікелей ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын тұлғалар.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
2
Қазақстан Республикасының қазiргi аумағында өздерiне қуғын-сүргiндер қолданылғанға дейiн тұрақты өмiр сүрген адамдар мына төмендегi жағдайларда танылады:
а) бұрынғы КСР Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргiндердi кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
б) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде (жай адамдар мен әскери қызметшiлердi) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
в) Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшiн шақырылғаннан кейiн қуғын-сүргiндердiң қолдануы;
г) қуғын-сүргiндердi орталық одақтық органдар: КСРО Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, СКРО Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, КСРО Iшкi iстер халық комиссариаты - Мемлекет Қауiпсiздiгi министрлiгi - Iшкi iстер министрлiгi жанындағы айрықша кеңестiң, КСРО Прокуратурасы мен КСРО iшкi iстер халық комиссариатының Тергеу Iстерi жөнiндегi комиссиясының және басқа органдар шешiмдерi бойынша қолдануы;
д) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағқаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
3
КСР Одағы мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар танылады
Жылына 1 рет –
15 айлық есептік
көрсеткіш
4
Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы ңоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары танылады
Жылына 1 рет –
3 айлық есептік
көрсеткіш
30 тамыз – "Қазақстан Республикасының Конституциясы күні"
 
1
Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесіне ие зейнеткерлер, ауданның құрметті азаматтары.
Жылына 1 рет – 10 айлық есептік
көрсеткіш

  Тимирязев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 2-қосымша

Алушылар санаттарының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті көлемі, оның еселігі, табиғи зіл-зала немесе өрт салдарынан өмірдің қиын жағдайлары туындаған жағдайда әлеуметтік көмекке өтініш беру мерзімдері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 18.09.2014 № 30/3 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


п/п
Табиғи зіл-зала немесе өрт салдарынан өмірдің қиын жағдайлары туындаған жағдайда әлеуметтік көмек алушылар санаттар
Табиғи зіл-зала немесе өрт салдарынан өмірдің қиын жағдайлары туындаған жағдайда әлеуметтік көмек берудің шекті мөлшерлері
Табиғи зіл-зала немесе өрт салдарынан өмірдің қиын жағдайлары туындаған жағдайда әлеуметтік көмек беруге өтініш білдіру мерзімдер
1.
Туберкулездың ауыр түрімен ауыратындар
5 минималды
есептік көрсеткіш,
тоқсан сайын, емхана мекемесі растайтын анықтама негізінде
Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей
2
Жетімдер
5 минималды
есептік көрсеткіш,
бір жолғы
Өмірлік қиын жағдай
туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей
3
Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған адамдар
5 минималды
есептік көрсеткіш,
бір жолғы
Өмірлік қиын жағдай
туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей
4
Қараусыз кәмелетке толмағандар, соның ішінде девиантты құлықтылары
5 минималды
есептік көрсеткіш,
бір жолғы
Өмірлік қиын жағдай
туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей
5
Туғаннан үш жасқа дейінгі ерте психоденелік дамуынан мүмкіндіктері шектеулі балалар
5 минималды
есептік көрсеткіш,
бір жолғы
Өмірлік қиын жағдай
туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей
6
Дене және (немесе) ақыл-ес мүмкіндіктеріне қарай ағза қызметінің тұрақты бұзушылықтары бар адамдар
5 минималды
есептік көрсеткіш,
бір жолғы
Өмірлік қиын жағдай
туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей
7
Айналадағыларға қауіп төндіретін, әлеуметтік маңызды аурулар және аурулар салдарынан өмірлік іс-әрекеті шектелген адамдар
5 минималды
есептік көрсеткіш,
бір жолғы
Өмірлік қиын жағдай
туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей
8
Шалдыққан ауруының және (немесе) мүгедектігінің салдарынан, қартаюына байланысты өзін- өзі күтуге қабілетсіз адамдар
5 минималды
есептік көрсеткіш,
бір жолғы
Өмірлік қиын жағдай
туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей
9
Әлеуметтік бейімсіздікке және депривацияға әкеп соққан қатыгез қатынасқа ұшыраған адамдар
5 минималды
есептік көрсеткіш,
бір жолғы
Өмірлік қиын жағдай
туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей
10
Баспанасыздар (белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдар)
5 минималды
есептік көрсеткіш,
бір жолғы
Өмірлік қиын жағдай
туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей
11
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар
5 минималды
есептік көрсеткіш,
бір жолғы
Өмірлік қиын жағдай
туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей
12
Қылмыстық-атқару инспекциясы сынақ қызметінің тіркеуіндегі адамдар
5 минималды
есептік көрсеткіш,
бір жолғы
Өмірлік қиын жағдай
туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей
13
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтар
50 минималды
есептік көрсеткішке дейін,
бір жолғы
Өмірлік қиын жағдай
туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей

  Тимирязев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 3-қосымша

       Отбасының тіркеу нөмірі ____________
       Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
       _________________________ _________________________
       (Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекен-жайы, тел.)

Р/с №
Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.
Өтініш берушіге туыстық қатынасы
Туған жылы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Өтініш берушінің қолы __________________ күні ___________
       Отбасының құрамы туралы
       мәліметтерді куәландыруға уәкілетті
       органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _____________________ (қолы)

  Тимирязев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 4-қосымша

            Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты тұлғаның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ

            20__ж. "___" _______

            ______________

            (елді-мекен)

       1. Өтініш берушінің Т.А.Ә.____________________________________
       2. Тұратын мекен-жайы ________________________________________
       _____________________________________________________________
       3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиын жағдай_______________________________________________________ ___________________________________________________________________
       4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______адам, оның ішінде:

Р/с №
Т.А.Ә.
Туған күні
Өтініш берушіге туыстық қатынасы
Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)
Жұмыспен қамтылмау себебі
Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер
Өмірлік қиын жағдай
 
 
 
 
 
 
 
 

      Еңбекке жарамды барлығы _______ адам.
       Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері __адам.
       Балалардың саны:________
       жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ____ адам, оқу құны жылына ______ теңге.
       Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек) __________________________________________________________________________________________________________________________________
       5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек):
       __________________________________________________________________
       Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар: ________________________________________________________________________________________________________________________________
      Отбасының табысы:

Р/с

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә.
Табыс түрі
Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)
Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер
тоқсанға
орта есеппен айына
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      6. Мыналардың: автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)____________________________________________________________________________________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)___________________________________________________
       ____________________________________________________________________
       7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
       ____________________________________________________________________
       ____________________________________________________________________
       ____________________________________________________________________
       ____________________________________________________________________ 8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
       ____________________________________________________________________
       ____________________________________________________________________
       ____________________________________________________________________
       9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі_____________________________________________________
       10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы ________________________________________________________________
       Комиссия төрағасы:
       ________________________ ________________________
       Комиссия мүшелері:
       ________________________ _________________________
       ________________________ _________________________
       ________________________ _________________________
       ________________________ _________________________
       (қолдары) (Т.А.Ә.)
       Жасалған актімен таныстым: _________________________________
       Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
       Тексеру жүргізілуден бас тартамын _____________________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні
       ____________________________________________________________________
       (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

  Тимирязев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 5-қосымша

            Учаскелік комиссияның №__ қорытындысы

            20 ____ж. ___ ______

       Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жеке санаттарын айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
       __________________________________________________________________
       (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
       өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде
       __________________________________________________________________
       (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
       адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
       Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
       Комиссия мүшелері: __________________ _______________________
       __________________ _______________________
       __________________ _______________________
       __________________ _______________________
       (қолдары) (Т.А.Ә.)
       Қорытынды
       қоса берілген құжаттармен __ данада
       20__ж. "__" ___ қабылданды
       Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы _____________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады