Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сергеевка қаласында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын қала тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы N 25/12 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 7 наурызда N 2598 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 19/9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 17.03.2022 № 19/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сергеевка қаласында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары бекітілсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сергеевка қаласының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын қала тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы мәслихаты
XXV сессиясының төрағасы
Е. Кузичева
      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы
мәслихатының хатшысы
Н. Дятлов

  Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы мәслихатының
2014 жылғы 3 ақпандағы
№ 25/12 шешімімен бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сергеевка қаласында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сергеевка қаласы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сергеевка қаласы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын белгілейді.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сергеевка қаласы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу қағидалары

      3. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сергеевка қаласының әкімі шақырады.

      Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сергеевка қаласы шегінде бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сергеевка қаласының әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашу алдында Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сергеевка қаласының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сергеевка қаласының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сергеевка қаласының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сергеевка қаласы өкілдерінің кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатымен бекітілген сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сергеевка қаласы әкімінің аппаратына беріледі.

  Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы мәслихатының
2014 жылғы 3 ақпандағы № 25/12
шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сергеевка қаласының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын қала тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 15.01.2021 № 1/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; 19.08.2021 № 10/3 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Көшенің атауы

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын қала тұрғындары өкілдерінің саны
(адам)

1

Абай көшесі

2

2

Автомобилистер көшесі

1

3

Алексей Брагин атыдағы көше

1

4

Ахметбеков көшесі

1

5

Бейбітшілік көшесі

3

6

Бөкетов көшесі

3

7

Гагарин көшесі

2

8

Ғалым Қадыралин атыдағы көше

2

9

Герольд Бельгер атыдағы көше

1

10

Гидростроительдер көшесі

1

11

Д. Шопанов көшесі

2

12

Ермек Қонарбаев атындағы көше

1

13

Есіл көшесі

1

14

Есім Шайкин атындағы көше

3

15

Желтоқсан көшесі

2

16

Западная көшесі

3

17

Заводская көшесі

1

18

Зеленая көшесі

1

19

Индустриальная көшесі

2

20

Қазақстан көшесі

1

21

Космонавтов көшесі

1

22

Котов көшесі

2

23

Красин көшесі

1

24

Крестьянская көшесі

1

25

Крымская көшесі

1

26

Құлеке батыр көшесі

3

27

Луговая көшесі

1

28

Малдыбаев көшесі

2

29

Молодежная көшесі

3

30

Набережная көшесі

3

31

Наурыз көшесі

1

32

Овражная көшесі

2

33

Павел Гончар көшесі

3

34

Победа көшесі

2

35

Полевая көшесі

2

36

Промышленная көшесі

1

37

Рябиновая көшесі

1

38

С. Мұқанов көшесі

2

39

Садовая көшесі

3

40

Солнечная көшесі

2

41

Спортивная көшесі

1

42

Степная көшесі

1

43

Столичная көшесі

1

44

Уәп Латанов көшесі

2

45

Ульфат Дүйсенов көшесі

1

46

Урожайная көшесі

1

47

Цветочная көшесі

1

48

Шал ақын көшесі

1

49

Школьная көшесі

2

50

Шухов көшесі

2

51

Ыбыраев көшесі

3

52

Энергетиков көшесі

2

53

Энтузиастов көшесі

3

54

Юбилейная көшесі

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады