Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының регламентін бекіту туралы" Шал ақын ауданы мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 25/13 шешіміне (2014 жылғы 7 наурызда нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізбесінде № 2606 тіркелген, аудандық "Бірінші сөз" газетінде 2014 жылғы 21 наурызында, аудандық "Первое слово" газетінде 2014 жылғы 28 наурызында жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының регламенті келесі мазмұндағы 9-тараумен толықтырылсын:
"9. Аудандық мәслихатта құрылатын, сайлау комиссияларын құру және сайлау
68. Сайлау комиссиясының жаңа құрамын құру және сайлау сайлау комиссиялар өкілеттігінің мерзімі аяқталуға екі ай қалғанда басталып, оның аяқталуына үш күн қалғанға дейін аяқталады.
Аудандық мәслихат хатшысы сайлау комиссияларын құру туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялағанға дейін үш күннен кешіктірмей өз өкімімен депутаттар мен аппарат қызметкерлерінен сайлау комиссияларының құрамын құру жөніндегі Уақытша комиссияны (жұмыс тобын) құрады.
69. Мәслихаттың уақытша комиссиясы саяси партия және басқа да қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінен, жоғары тұрған комиссиядан құрылатын сайлау комиссиясының құрамына түскен ұсыныстарды жинастырумен, өңдеумен айналысып, аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынады. Әр саяси партия сәйкес сайлау комиссиясының құрамына өздерінің тек бір ғана өкілін енгізеді. Саяси партиялар, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері сайлау комиссиясының құрамына сол саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Уақытша комиссияға саяси партиялардың, өзге қоғамдық бірлестіктердің, жоғары тұрған комиссиялардың беретін құжаттарының тізбесіне:
1) саяси партияны және өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерін әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
2) саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелері органы отырысының кандидатты тиісті сайлау комиссиясына ұсыну туралы хаттамасынан көшірмені;
3) сайлау комиссиясының құрамына кандидат туралы электронды бағдарламалық қамсыздандыру құралдарында және қағаз жүзінде қалыптастырылған, белгіленген формадағы мәліметтер;
4) кандидаттың тиісті мәслихат хатшысының атына жазылған сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші.
70. Сайлау комиссияларының құрамын дайындауда уақытша комиссия алдымен саяси партиялардан түскен ұсыныстарды басшылыққа алады, ал содан соң саяси партиялардан 7 мүшеден кем ұсыныс жасалған жағдайда басқа қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысған кандидатуралары есепке алынады.
71. Уақытша комиссия сайлау комиссияларының жаңа құрамына ұсыныстар беру мерзімі аяқталғаннан кейін сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау бойынша шешім жобасы мен бюллетеньдер дайындайды.
72. Шешім жобасы мен бюллетеньдер:
1) аудандық аумақтық сайлау комиссиясы бойынша;
2) аудандық мәслихатқа депутаттар сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясы бойынша бөлек әзірленеді;
3) учаскелік сайлау комиссиясы бойынша.
73. Саяси партиялардың, өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының сайлау комиссиясының құрамына ұсынған барлық кандидатуралары шешім жобасы мен бюллетеньге ұсыныстардың келіп түсуі және Уақытша комиссияның арнайы журналына тіркелуі кезекпен енгізіледі.
74. Сайлау комиссиясының құрамы көрсетілген бюллетеньді сессияға қатысып отырған облыстық мәслихат депутаттарының барлығы алады және оларды өз қолдарымен толтырады. Дауыс беру нәтижесін сессияда құрылған Есеп комиссиясы шығарады. Есеп комиссиясының сандық құрамы мен төрағасын мәслихат сессиясы анықтайды.
75. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мүшелерінің санына тең (жеті) ұсыныс түскенде уақытша комиссия мәслихаттың отырысына осы сайлау комиссиясының құрамына дауыс беру туралы ұсыныс енгізеді. Сессияға қатысып отырған депутаттардың ең көп дауысын алған комиссия мүшелері сайланған болып саналады.
Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мүшелері санынан артық (жетіден артық) ұсыныс болғанда, уақытша комиссия мәслихат сессиясының отырысында осы сайлау комиссиясын сайлау бойынша рейтингілік дауыс беруді өткізуді ұсынады.
Басқаларға қарағанда ең көп дауысқа ие болған кандидатуралар сайланған болып саналады.
Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санынан кем (жетіден кем) ұсыныс түскен кезде уақытша комиссия жетіспейтін кандидатуралар бойынша бос орындарға басқа қоғамдық бірлестіктердің ұсынған кандидатураларын, ал ондай кандидатуралар болмаған жағдайда жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынған кандидатураларын бюллетеньге енгізеді (келіп түсу кезегіне сәйкес тәртіпте).
76. Бюллетеньге үміткерлердің тегін, аты-жөнін, қандай саяси партия (басқа қоғамдық бірлестік, жоғары тұрған сайлау комиссиясы) енгізгенін көрсетеді. Кандидатуралар тектерінің оң жағында депутаттар белгі қоятын квадраттар көрсетіледі (крест, қанат белгі).
Депутаттар жеті квадратқа белгі қояды.
77. Дауыс беру нәтижесін Есеп комиссиясының төрағасы мәслихат сессиясында жариялайды.
78. Мәслихат хатшысы сәйкес сайлау комиссияларының құрамы туралы шешімдерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді.
Материалдар басылымның бір нөмірінде оған қоса берілген қосымшаларымен бірге жариялануға тиісті.
79. Сессияда сайлау комиссияларын сайлау кезінде мәслихаттар "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі ҚР Конституциялық Заңына сүйене отырып, комиссия құрамына енгізбеуі тиіс:
сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адамды;
сот іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамды."
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихаты XXІХ сессиясының төрағасы |
Д. Садықов |
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының хатшысы |
Н. Дятлов |