Шал ақын ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 қарашадағы № 8/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қарашада N 3936 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Осы шешімнің қосымшасында көрсетілген Шал ақын ауданы мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының VIII сессиясының төрағасы С. Окунев
      Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының хатшысы Ө. Әмрин

  Шал ақын ауданы мәслихатының 2016 жылғы 11 қарашадағы № 8/2 шешіміне қосымша

Күшін жойды деп тануға жататын Шал ақын ауданы мәслихаты шешімдерінің тізбесі

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының регламентін бекіту туралы" Шал ақын ауданы мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 25/13 шешімі (2014 жылғы 7 наурызда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2606 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 21 наурызда "Бірінші сөз" аудандық газетінде, 2014 жылғы 28 наурызда "Первое слово" аудандық газетінде жарияланған).
      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының регламентін бекіту туралы" Шал ақын ауданы мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 25/13 шешіміне толықтыру енгізу туралы" Шал ақын ауданы мәслихатының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 29/5 шешімі (2014 жылғы 29 шілдеде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2884 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 15 тамызда "Бірінші сөз" аудандық газетінде, 2014 жылғы 15 тамызда "Первое слово" аудандық газетінде жарияланған).
      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының регламентін бекіту туралы" Шал ақын ауданы мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 25/13 шешіміне өзгерту енгізу туралы" Шал ақын ауданы мәслихатының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 46/3 шешімі (2016 жылғы 16 наурызда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 3656 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 1 сәуірде "Парыз" аудандық газетінде, 2016 жылғы 1 сәуірде "Новатор" аудандық газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады