Атырау облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Атырау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 212-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 05 наурызда № 2870 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, V шақырылған облыстық мәслихат кезектен тыс ХХ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың Заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Т. Мұқатанов) жүктелсін.

      Сессия төрағасы, мәслихат хатшысы С. Лұқпанов

  Облыстық мәслихаттың
2014 жылғы 30 қаңтардағы № 212-V
шешіміміне қосымша
Облыстық мәслихаттың
2014 жылғы 30 қаңтардағы № 212-V
шешімімен бекітілді

Атырау облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже

      1. Атырау облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленді және Атырау облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтаудың тәртібін анықтайды.

      Атырау облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен азаматтар экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi, бiлiм берудегi, әскери және өзге мемлекеттiк қызметтегi, қоғамдық және мемлекеттiк қызметтегi елеулi жетiстiктерi үшiн наградталады.

      Құрмет грамотасымен шығармашылық ұжымдар халықтар арасындағы мәдени байланыстарды, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпалын тигiзген гастрольдiк сапарларының нәтижелерi бойынша наградталуы мүмкiн.

      2. Атырау облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім облыстық (қалалық, аудандық) мәслихат төрағасының және облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынуымен сәйкесті Атырау облыстық (қалалық, аудандық) мәслихатының сессиясында қабылданады.

      Құрмет грамотасына облыстың (қала, аудан) мәслихат төрағасы және облыс (қала, аудан) әкімі қол қояды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 24.05.2023 № 25-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Атырау облысының Құрмет грамотасы облыстың (қала, аудан) мәслихат төрағасымен және облыс (қала, аудан) әкімімен салтанатты жағдайда табыс етіледі.

      Атырау облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтауға үміткерлер бойынша ұсыныстарды еңбек ұжымдарымен, жергілікті өкілді және атқарушы органдарымен, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдарымен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен облыстық (қалалық, аудандық) мәслихатқа ұсынылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 24.05.2023 № 25-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Атырау облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау үшін облыстық (қалалық, аудандық) мәслихатқа келесі құжаттар тапсырылады:

      1) Еңбек ұжымының, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ұсынысы;

      2) Қолдау хатқа Атырау облысының (қаланың, ауданның) дамуына сіңірген еңбегі мен қосқан үлесі көрсетілген мінездеме жалғанып, белгіленген үлгідегі награда қағазы толтырылып, басшының қолы қойылып, мөрмен рәсімделеді.

      3) облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттарға жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардан құжаттарында мөр қоюды талап етуге тыйым салынады.

      Ескерту. 4-тармақ 3) тармақшамен толықтырылды - Атырау облыстық мәслихатының 24.05.2023 № 25-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Атырау облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау бойынша келіп түскен құжаттар сессияға шығару үшін алдын ала қарау және ұсыныстар дайындау үшін облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында қаралады. Дұрыс толтырылмаған наградтау материалдары қарауға қабылданбайды.

      6. Құрмет грамотасымен қайталап марапаттау жүргізілмейді.

      7. Наградтау жөніндегі құжаттар Атырау облысының (қаланың, ауданның) мәслихатында және мұрағатта сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады