Атырау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 212-V "Атырау облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 24 мамырдағы № 25-VIII шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 31 мамырда № 5031-06 болып тіркелді

      Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Атырау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 212-V "Атырау облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2870 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімімен бекітілген Атырау облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесінде:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Атырау облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім облыстық (қалалық, аудандық) мәслихат төрағасының және облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынуымен сәйкесті Атырау облыстық (қалалық, аудандық) мәслихатының сессиясында қабылданады.

      Құрмет грамотасына облыстың (қала, аудан) мәслихат төрағасы және облыс (қала, аудан) әкімі қол қояды.

      3. Атырау облысының Құрмет грамотасы облыстың (қала, аудан) мәслихат төрағасымен және облыс (қала, аудан) әкімімен салтанатты жағдайда табыс етіледі.

      Атырау облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтауға үміткерлер бойынша ұсыныстарды еңбек ұжымдарымен, жергілікті өкілді және атқарушы органдарымен, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдарымен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен облыстық (қалалық, аудандық) мәслихатқа ұсынылады.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттарға жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардан құжаттарында мөр қоюды талап етуге тыйым салынады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы М. Хайруллиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады