РҚАО ескертпесі:
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 27, 37-баптарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және V шақырылған облыстық мәслихат кезекті ХХІІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 10а және Атырау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 11-V "Жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" қаулысы мен шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2609 санымен тіркелген, 2012 жылғы 28 ақпандағы "Атырау" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
қаулы мен шешімнің мемлекеттік тілдегі мәтінінің қосымшасындағы "Селолық" деген сөз "Ауылдық" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Т.Б. Мұқатановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Сессия төрағасы
Б. Ізмұхамбетов Ө. Жанбала
Мәслихат хатшысы С. Лұқпанов