1. Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-IV "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметтi азаматы" атағын беру қағидасын бекiту туралы" шешiмiне (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2555 тiркелген, 2009 жылғы 1 желтоқсанда "Атырау" газетiнде жарияланған) келесi өзгерiс енгiзiлсiн:
"Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру мемлекеттік тілдегі қағидасында:
мемлекеттік тілдегі мәтінінде 14-тармақтағы "село" деген сөз "ауыл" деген сөзбен ауыстырылсын.
Орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді.
2. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Т. Мұқатанов) жүктелсін.
Сессия төрағасы | С. Дүйсенғалиев |
Мәслихат хатшысы | С. Лұқпанов |