РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 27 – бабы 1 – тармағының 5) тармақшасына, 37 – бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 573 "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидасының 8 тармағы 1) тармақшасына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес субсидияланатын гербицидтердің түрлері және гербицид жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялардың нормалары белгіленсін.
2. "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
___________ А. Мамытбеков
2014 жылғы "___" ________
Атырау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 8 тамыздағы
№ 232 қаулысына қосымша
2014 жылға субсидияланатын гербицидтердің түрлері және гербицид жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялардың нормалары
№ р/с |
Субсидияланатын гербицид түрлері |
Өлшем бірлігі, литр, килограмм |
Бір бірлік құнын арзандату пайызы, дейін |
Бір бірлікке субсидиялардың нормалары, теңге |
1 |
Готрил, 24 % эмульсия концентраты (оксифлуорфен, 240 г/л) |
литр |
50 |
2187,0 |
2 |
Гезагард 50, суланған ұнтақ (прометрин, 500 г/л) |
литр |
30 |
638,0 |
3 |
Стомп, 33% эмульсия концентраты (пендиметалин, 330 г/л) |
литр |
30 |
543,0 |